Главная
Структурные подразделения
Департамент науки и коммерциализации технологии
Диссертационные советы
8D023 – Язык и литература
Диссертации
Рақымжан О.Қ.
Рақымжан О.Қ.
Написать отзыв
Отзывы
22 августа 2023 г. 0:53
Жұбай Орынай Сағынғалиқызы
Рақымжан Оралсынның «С.Жүнісовтің тілдік тұлғасы: концептуалды-дискурстық талдау» атты диссертациялық жұмысы жазушының тілдік тұлғасын концептуалдық тұрғыдан талдауға арналған. Зерттеуші сөз зергерін тілдік тұлға ретінде танытатын ұлттық құндылықтарды айқындап, өзіндік қолтаңбасын айқындауға тырысқан. Жазушының тілдік тұлғасын зерттеуде когнитивтік лингвистиканың орны ерекше. Когнитивтік бағыттағы зерттеулерде тілдің ақиқат болмыс туралы білімді сақтап, жеткізуші ретіндегі қызметі ескеріліп, тілдік тұлға тіл мен таным ϲабақтаϲтығы негізінде айқындалады. «Тілдік тұлға» мәϲелеϲі филοϲοфияда, әлеуметтануда, пϲихοлοгияда, мәдениеттануда, педагοгикада, лингвиϲтикада және т.б.) зерттеліп келеді. Бұл мәселе қазақ тіл білімінде Қ.Жұмалиев, Р.Сыздықοва, Е.Жанпейіϲοв, Э.Сүлейменοва, З.Ахметжанοва, М. Мұсатаева, Ж.Манкеева, Н.Уәли, Г.Смағұлοва, Б.Нұрдәулетοва, Г.Мұратοва, Х. Нұрмұқанов, Е.Оспанов, А.Зекенова, Ф.Қοжахметοва, Г. Снасапова, Ш. Елемесова, Г. Сапарбекова, Г.Имашева, А.Тымбοлοва, А. Кушкимбаева, А.Ислам және т.б. зерттеулерінде сөз болды. Рақымжан Оралсынның жұмысында С. Жүнісовтің тілдік тұлғасы алғаш рет лингвокогнитивтік, прагматикалық тұрғыдан зерттеліп отыр. Еңбек осынысымен де құнды. Тіл білімінде когнитивті парадигма – салыстырмалы түрде кейін қалыптасқан бағыттардың бірі. Тілді когнитивті тұрғыдан зерттеу адам санасын, ойы мен танымын көрсетеді. Когнитивтік лингвистика – тілді когнитивті механизм ретінде, ақпаратты, кодты өңдеп, жеткізетін таңбалар жүйесі ретінде сипаттайтын лингвистикалық бағыт. Тіл – ұлттың болмысын, дүниетанымын, ойлау жүйесін сипаттайтын құндылық, сөйлеушінің дүниетаным ерекшеліктерін бейнелейтін құрал. Осыған байланысты диссертант жұмыста С. Жүнісов тілдік тұлғасының вербалды-семантикалық, прагматикалық, когнитивтік деңгейлерін арнайы қарастырады. С.Жүнісов тілдік тұлғасының концептосферасына шолу жасай отырып, негізгі концептілерді айқындайды, С. Жүнісов шығармаларындағы «туған жер», «ұрпақ», «дала», «жалғыздық» концептілерінің репрезентациясын талдайды. Ол концептілердің жазушы тіліндегі көрінісін өзіне дейінгі ақын-жазушылармен сабақтастықта сипаттап, өзара салыстырады. Диссертант тақырыпты толық меңгерген. Ол Рақымжан Оралсынның баяндамасынан да, сұрақтарға жауап беруінен де анық байқалды. Диссертациялық қорғау өте сәтті өтті. Бұл ретте әсіресе диссертанттың ғылыми кеңесшілері – отандық ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Шалабайдың, шетелдік ғылыми кеңесші, филология ғылымдарының докторы, профессор Х. Янковскийдің еңбектерін ерекше атап өту қажет. Б.Шалабай – бұл бағытта күрделі зерттеулер жүргізіп, өзіндік мектебін қалыптастырған ғалым. Ал Х. Янковский – қазақ тілін жетік меңгерген, Қазақстандағы ғылымның дамуынан толық хабардар, еліміздегі ғылымның дамуы туралы мақалалар жазып жүрген мықты маман ретінде танымал. Сондықтан шетелдік кеңесші болғанмен, Х.Янковский диссертанттың зерттеуін түпнұсқадан оқып, пікірін білдіре алады. Диссертациялық жұмыстың сәтті болуына бұл факторлар ерекше ықпал еткенін атап өтуіміз қажет. Сондықтан ғалымдарымыз болашақта да Рақымжан Оралсын сияқты мықты шәкірттер дайындап, қазақ ғылымының дамуына үлесін қоса беруіне тілекшіміз.1 июля 2023 г. 11:14
Таласпаева Жанар Серкешқызы, ф.ғ.к., профессор
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті КЕАҚ философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Рақымжан Оралсын Қалиқайдарқызының «6D020500 – Филология» мамандығы бойынша «С.Жүнісовтің тілдік тұлғасы: концептуалды-дискурстық талдау» тақырыбындағы диссертациясының қорғауына уақытша мүше ретінде қатыстым. Қорғау сәтті өтті. Диссертация қорғаудың барлық процедуралары талапқа сай орындалды. Диссертациялық кеңес мүшелері толық қатысты. Диссертант кеңес мүшелері тарапынан қойылған барлық сұрақтарға қанағаттанарлық деңгейде жауаптарын берді. Зерттеу тақырыбы өзекті, антропоөзекті.к бағытқа бағдарланған тілдік тұлғаны зерттеу мәселесіне арналған. Дисертациялық еңбек бұрын арнайы зерттеу нысаны болмаған С.Жүнісовтің тілдік тұлғасы:концептуалды-дискурстық талдау мәселелерін жаңаша қарастыруға арналған. Қорғалған жұмыс теориялық және практикалық деңгейде орындалған, Қорытындылай келе, «6D020500 – Филология» мамандығы бойынша Рақымжан Оралсын Қалиқайдарқызы Философия докторы (PhD)» ғылыми дәрежесін алуға әбден лайық деп есептеймін.30 июня 2023 г. 16:50