Бүгін Жоғары медицина мектебінің студенттері Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар аясында «Игі істер күнін» өткізді.
Кездесуге факультет студенттері мен университет ұжымы қатысты.
Жиын барысында медицина факультетінің студенттері өздерінің қоғамға қызмет көрсету аясында жасаған еріктілік қызметтерімен таныстырды.
Ерікті болу дегеніміз – айналаңа риясыз мейірімділік көрсету, жаңа дағдыларға үйреніп, адамдарға жақсылық жасау.
Жақсылық жасау – имандылық, тәрбиелілік, парасаттылықтың айқын көрінісі.
Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс.
Ендеше, медицина факультетінің студенттерімен біріге көп болып, асыл арманына қол созғандарға сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді бір-бірімізден аямайық.