Бүгін, 22 қараша 2021 жылы «Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау Университетінде» Көкшетау қаласының төтенше жағдай басқармасы қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесуде аталған басқарманың аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Қажғалиев Е.Ж., азаматтық қорғау майоры Жақсыбаев А.Ж., лейтенант Сапа А.Қ. және КУ шаруашылық жұмыстары департаментті басшысының міндетін атқарушы Мамзин Б.Б. университет қызметкерлерін өрт қауіпсіздігі негіздері мен өртті болдырмау тактикаларымен, өртке қарсы шаралар, қауіпті факторлар мен өрт кезіндегі эвакуацияға дайындық – адамдарды дұрыс әрекетке дайындау барысымен және КУ ішкі қауіпсіздік қызметі басшысы Зейнуллин С.П. терроризм тақырыбымен хабардар етті. Төтенше жағдайлардың қай жерде және қашан орын алуын болжау мүмкін емес. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және террорлық әрекеттердің алдын алу үшін ұйымдастырылған мұндай шаралар – адамдардың өмірі мен денсаулығын, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғауда үлкен рөл атқарады.