2022 жылдың 28-29 мамыры аралығында Ualikhanov University-де алғашқы «SHOQAN CUP I» Республикалық пікірсайыс турнирі өтті.
Турнирге Қарағанды, Семей, Екібастұз, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Нұр-Сұлтан, Қостанай қалаларынан келген зияткерлер қатысты.
• Лига қазақ тілінде өтті.
• Турнир негізгі алаң және жастар финалынан тұрды.
• Формат: БПФ және ЛД.
• Фракция саны: 28, яғни сәйкесінше 56 адам қатысты.
2 күндік сайыс барысында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар үздіктер анықталды.
Төрешілердің шешімі бойынша финалға дейін өткен фракциялар мен спикерлер арасынан жүлделі орындар төмендегідей:
БПФ (Британдық парламенттік формат) бойынша негізгі алаңда:
⚜️ 1-орын «Құдайдың сүйген құлдары» фракциясынан Нұртас Күздеубаев, Аяулым Тұрсынбаева (Нұр-сұлтан, Семей қалалары)
⚜️ 2-орын «Главное не участие, а победа» фракциясынан Нұрбахыт Исахан, Елемес Сланбек (Семей, Нұр-Сұлтан қалалары)
⚜️ 3-орын «Pharaoh» фракциясынан Фархат Каналин, Дәулет Нүркен (Нұр-Сұлтан қаласы)
⚜️ Финалист «Ол "иә" деді» фракциясынан Бағлан Аканбаев, Ақжол Мешітхан (Қостанай қаласы) иегері атанды.
Жастар финалында:
⚜️ 1-орын «Қызыл жебе» фракциясынан Бекболат Ерболат, Айдана Мухаметқали (Павлодар қаласы) иеленді.
⚜️ Финалистер «Кеттік бәрін таста» фракциясы (Павлодар қаласы), «Қанафия» (Қарағанды қаласы), «Осы жылы кубок бұйыра ма?» фракциялары (Нұр-Сұлтан қаласы) атанды.
Линкольн-Дуглас форматы бойынша:
⚜️ Ең үздік спикер – Нұрбахыт Исахан
⚜️ Үздік спикер – Аяулым Тұрсынбаева
⚜️ Үздік жас спикер – Аяулым Муканова
Номинация:
⚜️ Үздік фракция – Ush bi
⚜️ Үздік делегация – «Ахмет Ұрпақтары» ДК атанды.
Барлық жеңімпаздарды жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз!