2022 жылдың 4 мамыры күні «Болашақ сарайында» Ақмола облысының әкімдігі мен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ұйымдастыруымен ұлтымыздың ұлы ұстазы, ағартушы-ғалым, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Ахмет Байтұрсынов мұрасы – әлемдік руханият кеңістігінде» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.
Конференция Ақмола облысының әкімі Е.Б.Мыржықпаевтың құттықтауымен ашылды.
Конференцияның пленарлық отырысында шетелдік ғалымдар Өзбек мемлекеттік әлем тілдері университетінің (Ташкент, Өзбекстан) профессоры, филология ғылымдарының докторы Маханбет Джусупов «А.Байтұрсынов еңбектерінің фонология ғылымындағы орны» тақырыбында, Памуккале университетінің (Денизли, Түркия) профессоры, ғылым докторы Nergis Biray «Ахмет Байтұрсынұлының терминологиялық зерттеулері мен Түркия Республикасының бас кезеңіндегі терминология зерттеулерін бағалау» тақырыптарында баяндамалар жасады.
Аталған конференцияға шетелдік ғалымдармен қатар Қостанай, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан келген отандық ғалымдар да қатысты.
Атап айтсақ, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Алмасбек Әбсадық «А.Байтұрсынұлы: Қостанай - Омбы кезеңі», Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының профессоры, филология ғылымдарының докторы Күдеринова Құралай Бимолдақызы «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ жазуының негізін салған ғалым», Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Жахина Бәрия Бадыққызы «Ахмет Байтұрсынұлы: жұрт бүгіншіл, менікі ертең үшін...», Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Иманбердиева Сәуле Құрманбаевна «А.Байтұрсынұлы: Қазақстандағы онимдердің түркілік қабатының зерттелуі», Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Жәмбек Сәбит Нұрмұхамбетұлы «Ахмет Байтұрсынов – ұлттық әдебиеттану көшбасшысы» тақырыптарында баяндамалар жасады.
Конференция жоғары деңгейде өтті.