Биылғы оқу жылының соңында университетіміздің ғалымдар қатарына бір философия докторы (PhD) қосылды. Қазақстан тарихы және Рухани Жаңғыру кафедрасының лекторы Шукеева Айнур Таласбековнаға еліміздің іргелі жоғары оқу орны Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде салтанатты түрде «6D020300 – Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дипломы табысталды!
Докторлық диссертацияға жетекшілік еткен Қазақстан тарихы және Рухани Жаңғыру кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Утегенов Марат Зеннатұлы.
Әріптестерімізге зор денсаулық, отбасылық бақыт, ғылым жолында мол табыс пен шығармашылық жетістіктер тілейміз! Алға қойған арман-мақсаттарыңызға жете беріңіздер!