Құрметті оқытушылар,

Александр Иоан Куза атындағы Яссы университеті Коимбра университеттер тобының мүшесі ретінде стипендиялық бағдарламаға қатысу үшін конкурс жариялайды. Қазіргі уақытта өтінімдерді қабылдау 24 наурызға дейін ашық.

Таңдау критерийлері:

  1. Үміткерлер 1990 жылғы 1 қаңтардан кейін туған болуы керек.
  2. Университеттің қызметтегі академиялық қызметкері болуы тиіс.
  3. Постдокторант немесе докторант мәртебесіне ие болуы қажет (кейбір университеттер үшін).
  4. Қабылдаушы мекемедегі жетекшімен жұмыс істеуге келісім хаты болуы керек.
  5. Тек бір университетке өтінім жіберуге рұқсат етіледі.
  6. Веб-сайт: www.coimbra-group.eu/activities/scholarships

2025 жылғы стипендиялық бағдарламаға қатысатын Коимбра тобының университеттері:

  • Яссыдағы Александр Иоан Куза университеті (Румыния)
  • Барселона университеті (Испания)
  • Гранада университеті (Испания)
  • Грац университеті (Австрия)
  • Гейдельберг университеті (Германия)
  • Стамбул университеті (Түркия)
  • Краковтағы Ягеллон университеті (Польша)
  • Падуя университеті (Италия)
  • Пуатье университеті (Франция)
  • Саламанка университеті (Испания)
  • Сиена университеті (Италия)
  • Вюрцбург университеті (Германия)

Қосымша ақпарат алу үшін Халықаралық жобаларды басқару орталығына (704-каб.) немесе 8 716 225 0579 телефонына хабарласыңыз.