Отаны үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруда, ел тәуелсіздігін нығайтуда мемлекеттік рәміздердің алар орны ерекше. Отан мен мемлекеттік рәміздер - әр азаматтың жадында жүрер болса, онда олардың рухы да асқақ болмақ.
Бүгін Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде 4 маусым Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер – менің мақтанышым» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына университетіміздің бірінші проректоры Байтук Ғалым Симбекұлы, құқық кафедрасының лекторы Наурызбаев Ерлан Амангелдіұлы қатысып, студенттерге рәміздердің қадірі мен маңыздылығы жайлы айтып өтті.
Сонымен қатар, мемлекеттік рәміздер күніне орай университеттің қоғамдық және мәдени өміріне қатысып, Ualikhanov university имиджін көтеруге үлес қосып жүрген белсенді студенттер марапатталды.