Университетімізде ұлағатты ұстаз, ғалым, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Крамаренко Борис Васильевичтің 70 жылдық мерейтойымен “Әлеуметтік жас ерекшелік педагогика” кафедрасының 25- жылдығына арналған “Қазіргі білім берудің өзекті мәселелері: жетістіктер, мәселелер және перспективалар” атты халықаралық ғылыми- практикалық конференция өтті. Ұжым басшылығы, отандық және шет елдік ғалымдар, әріптестері мен шәкірттері мерей-той иесін туған күнімен құттықтай отыра, оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат,мұқалмас жігер, шығармашылық табыстар және отбасының амандығы мен бақытын тіледі. Борис Васильевич Шоқан университетінде білім алып, Мәскеуде педагогикалық ғылымдар академиясында аспирантураны тәмәмдайды. Қатардағы мектеп мұғалімі, қалалық мәслихат хатшысы, кәсіподақ төрағасы, кафедра меңгерушісі болып қырық жылдан астам оқытушылық қызметте істеген. Көптеген педагогика саласына арналған ғылыми еңбектер мен мақалалардың авторы. Бүгінде қаламы мен кітабы қолынан түспей, болашақ ұстаздарға, жас ғалымдарға педагогика ғылымының қыр-сырын жалықпай үйретіп жүр. Адам үшін, қоғам үшін, жақындары үшін қажет екенін сезіну бақытынан артық не бар?!Ендеше Борис Васильевич Крамаренкоға осы бақыт игілігінің ұзақ болуын тілейміз!

Аманбай Сейткасымов