Елубаев Сағынтай Зекенұлы

Сағынтай Зекенұлының да ізі қалған білім ордасы…

Сағынтай Зекенұлы Елубаев 2012 жылдың 5 желтоқсанында Ш. Уәлиханов атындағы университетке ректор болып сайланды. Халық – сыншы. Ел өмірінде болып жатқан жағдай ларды өз бетінше сынап, сараптап отырады. Оның үстіне облыс орталығындағы негізгі оқу ордасы да халықтың басты назарында. Сағынтай Зекенұлы Көкшетау қаласындағы үш оқу орны біріктірілмей тұрып-ақ, облыстың ауыл шаруашылығы институтында еңбек жолын бастады. Осы оқу орнының қабырғасында жүріп, қатардағы оқытушылықтан кафедра меңгерушісі, факультет деканының орынбасары, деканы, проректоры, жетекші басшысы қызметін атқарды. Яғни, қаламыздағы ұлы ғалым атындағы жетекші оқу орнының әрбір қадамы, даму жолы оның көз алдында, тіпті, тікелей араласуымен жүзеге асып жатты десе де болады. Ол қасиетті Құнанбай, Абай, Шәкәрімдер аяқ басқан, өнегелі өрістеріне жол ашқан Қарқаралы топырағында дүниеге келді. Әріге барсақ, дүй ім қазақ пір тұтқан Қаз дауысты Қазыбек бидің ұрпағы, Алшынбай бидің, әй гілі өнерпаз Мәди Бәпиұлының туысқаны. Бүгінгі заманымыздың батыры, тұңғыш ғарышкеріміз Тоқтар Әубәкіровтың туысы, әрі жерлесі. «Сүйер ұлың болса, сен сүй, сүйінуге жарар ол», – деп данышпан Абай ай тпақшы, мұндай ел ардақтыларын неге қалқан етіп, мақтаныш тұтпасқа?! Баба рухымен қанаттанған талапты жас мектепті үздік бітірген соң, бірден биік межені көздеп, бұрын көрмеген, білмеген Мәскеуге сапар шекті. Оны бұл қаладағы оқу орындарының дүрілдеген даңқы ертеден қызықтыратын. Сол бала кезінен көксеген арманының жетегімен А. Тимирязев атындағы ауыл шаруашылығы академиясына келіп оқуға түсті. Алыс қиырдан үлкен талаппен келген қазақ баласының таным көкжиегінің кеңдігін қабылдау комиссиясында отырған ұстаздар да тез аңғарды, бөгеліссіз оқу орнына қабылданды. Осы сәтте ол арманының биік шыңына шыққандай еді. Ең басты мақсаты – сапалы білім алу болған жас жігіт енді еш алаңсыз оқуға кірісті. Кейде қаражат тапшылығын көріп жүрсе де, қиналса да, мойыған жоқ, оқу орнын үздік аяқтап шықты. Аталмыш оқу орнының аспирантурасын, Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің докторантурасын аяқтап, ғылым докторы атағын да абырой мен қорғады. Оқуын бітіргін соң, туған елге қай туға асыққан жоқ, қайта ер азамат туған жерінен жырақта жүрсе жауапкершілігінің арта түсетінін, көбінесе өзіне ғана сеніп, ешкімге арқа сүй еуге тырыспай тынын аңдап, елінен қашықтау Көкше жеріне жол тартты. Мұндағы ауыл шаруашылығы институты – еліміздегі сирек оқу орындарының бірі еді, әр нәрсені оқып, ізденіп, құлағын түріп жүретін жас, бұл оқу орны жөніндегі жағымды лебіздерді де естіп-біліп өскен. Таңдауы осында түсуінің басты себебі де осы болу керек. Әуелгі еңбек жолын қарапай ым оқытушылықтан бастаған Сағынтай Зекенұлы көп ұзамай-ақ өзінің жігерлілігімен, сапалы білім беруімен, ізденгіштігімен көзге түсіп, кафедра меңгерушісі, деканның орынбасары, декан, бірінші проректор лауазымындағы қызметтерге тағай ындалып, институттың негізгі жауапкершілік жүгін көтеріп жүргендердің алдыңғы сапында болды. Осындай жақсы атағының шығуы себеп болса керек, Көкшетау қаласында А. Мырзахметов атындағы жоғары оқу орны ашылғанда, конкурс талабына сай келген Сағынтай Зекенұлы осы оқу орнына ректор болып тағайындалды. Осы қырлары ескерілген болса керек, 2012 жылы 5 желтоқсанда облысымыздағы ең іргелі оқу орны Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетіне басшы сайлау мәселесі туындағанда, Сағынтай Зекенұлының осы саладағы мол тәжірибесі ескеріліп, оның кандидатурасы бірауыздан мақұлданды. Ол бұл оқу орнына басшылыққа келген кезде оқу орны біраз мәселелер бойынша ақсап тұратын болатын. Сағынтай Зекенұлы ауызды қу шөппен сүртіп, қарап отыруға болмай тынын жақсы түсініп, батыл қадамдар жасауға кірісті. Ол ең алдымен, университет ұжымын бірлесе қимылдап, бір жеңнен қол шығарып, ұй ымдасып, тізе қоса еңбек етуге күш салды. Бірінші кезекте университетті қаржы тапшылығынан шығару мәселесін қолға алды. Алғаш келгенінде университет жылу, электр, су бойынша біраз қарызға батқан болатын. Мой ында қарыз тұрғанда алға басу, ілгерілеу қиындығын бірден аңдаған басшы бірден осы мәселелерді қолға алды, оны жолын тауып сәтті шешіп отырды. Сөйтіп, университеттің қаржы, материалдық жағдайын дұрыстап, оны жүй елі жолға қойды. Бұл да болса, жаңа басшының стратегиялық ұтымды жоспарларының арқасы еді. Оқу сапасын көтеру мақсатында 150 компьютер сатып алынды. Толық жабдықталған физика, ауыл шаруашылығы ғылыми лабараториялары ашылды. Сағынтай Зекенұлы оқу орнын ілгері бастыру үшін тәжірибе алмасудың маңыздылығын ескеріп, шет елдермен байланыс жасау, халықаралық қарым-қатынас мәселелерін қолға алып, түзу жолға қойды. Сонымен бірге, университеттің ішкі мүмкіншілігін барынша кеңей ту, студенттердің еркін әрі сапалы білім алу мәселелерін нығай туға күш салды. Заман талабына сай жабдықталған жаңа кабинеттер ашылды. Осыған дей ін университет қаржысын орынсыз жұмсау, мақсатсыз іс-сапарларға шығу көбей іп кеткен еді. Тіпті, университет қарамағындағы көліктерге бензин артық жұмсалып, сұрауы азай ып кеткен болатын. «Судың да сұрауы бар» демекші, талап болмаған жерде орынсыз ысырапшылыққа жол берілетінін ескерген ректор мұның бәрін есепке алып отыруды жолға қойды. Кей інгі жылдары оқу орнында жас мамандардың аздығы белең алды. Сағынтай Зекенұлының басты назарда ұстаған мәселесінің бірі осы еді. Әрине, бұл үшін белгілі бір шаралар қарастырылуы тиіс. Кез-келген адам таңдау жасағанда, қандай жеңілдіктер болатынына назар аударатындығы анық. Осы орай да, оларға жеңілдік жасау қарастырылып, отбасылық, медициналық көмек көрсету жолға қой ылды. Оқытушылардың жалақысын уақытылы беріп отыру, сондай-ақ дәстүрлі мерекелерде сый ақы тағай ындау мәселесі қолға алынды. Сағынтай Зекенұлы келгеннен бері үздіксіз ізденіс жолдары, ұтымды шаралар өз нәтижелерін беріп те келеді. Оқу ордасында өткізілген аттестаттау, халықаралық аккредитациялауда жақсы нәтижеге қол жеткізілді. Атап айтқанда, білім сапасы оқытушылар мен студенттердің деңгейі, ізденісі жоғары бағаға ие болды. Студенттер тұрағы – жатақхананың жылу жүй есі, тазалығы, тәртібі түзу жолға қойылды. Бұл үшін жатақханада ерікті полиция жасағы да құрылды. Сондай-ақ, университетте кәсіподақ жүй есі өзгертіліп, белсене қызмет етуі жолға қой ылды. Кәсіподақ тарапынан ардагерлерге көмек көрсету бір жүй еге кірді. Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты А. Есмағұловтың 70 жылдық, физика ғылымдарының докторы Қ. Қожабаевтың 75 жылдық мерей той лары атап өтілді. Көрнекті ғалым О. Сұлтаньяевтың дәстүрлі конференциясын биік деңгей де өткізілуі де соның ай ғағы. Белгілі профессор, ғалым Қ. Айтқожиннің шетел тілі кафедрасының бай ырғы оқытушысы, белгілі ғалым Н. Еремияның кабинеттері, қазақтың аяулы ұлдарының бірі, қоғам қай раткері С. Сәдуақасовқа арналған конференция өткізіліп, дәрісханалар ашылды. Сол жылдары облыс көлемінде өткізілген ең үлкен шара – Абылай ханның 300 жылдық мерей тойы екендігі анық. Университет ұжымы бұл атаулы шарадан да тыс қалған жоқ. Университет ректорының өзі осы іске ұй ымдастыру комиссиясының мүшесі ретінде белсене ат салысты. Атақты тұлға жөнінде конференция өткізілді, энциклопедия шығырылып, көрмелер ұй ымдасты- рылды. Бір сөзбен айтқанда, облысымызда Абылай ханға арналған шаралардың негізгі бір жүгін біздің университетіміз абырой мен көтеріп шықты. Міне, осы жұмыстар барысында Сағынтай Зекенұлының күш-жігері, іскерлігі, ұй ымдастырушылық қабілеті жете танылып отырды. Ректордың белсенді, нәтижелі жұмысының арқасы болар, университет қабырғасында еліміздегі талай танымал тұлғалар қонақта болды. Сондай-ақ, Ақмола облысының басшылығы да университет ұжымымен, шәкірттермен кездесу өткізіп, университеттің білім беру саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізіп отырғанын ай ырықша атап өтті. Сол оқу жылы 61 студентке Ақмола облысы әкімінің шәкіртақысы берілген болатын, соларға кейін тағы 51 шәкірт қосылды. Қоғамда әй ел-аналардың ерекше орын алатындығы белгілі. Бізге келетін болсақ, әй ел-аналардың ерлерге қарағанда, анағұрлым белсенділігі, пайыздық көрсеткішінің әлдеқайда басымдығы көзге түспей тұрмайды. Осыған орай, университетте «Дін және әйел» атты үлкен форум өткізілді. Бұл форумға көптеген қайраткер әйелдер қатысты. Атап айтатын болсақ, сол кездегі ҚР Президентінің кеңесшісі, Президент жанындағы әйелдер істері және демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова, сенатор, қоғам қайраткері Светлана Жалмағамбетова, Мәжіліс депутаты Майра Айсина сияқты белгілі қайраткер әйелдер әй ел-аналардың ел өміріндегі орны жайлы өз ой ларымен бөлісті, қыз-келіншектеріміздің белсенділігі мен ізденісін одан әрі арттыра түсу бағытында салиқалы пікірлерін білдірді. Міне, осындай ел өміріндегі айрықша үлкен шараның біздің оқу орнында өткізілуінің өзі үлкен мәртебе болатын десек, артық емес. Бұған әрине, бірінші кезекте университет ректорының белсенділігінің арқасында қол жетті деп толық сеніммен айта аламыз. Осы арада аздап шегініс жасауға да тура келеді. Сағынтай Зекенұлының өмір жолына үңіле түссек, ешқашанда белсенді қызметтен жасқанбаған, еңбектен беті қай тпаған жігерлі, іскер азаматтың өсу жолдарын таныр едік. Бір жағынан тап осындай басшының Ш.Уәлиханов атындағы іргелі оқу орнына ректор болып тағай ындалуы университеттің де бағын ашқандай болды. Жалпы Сағынтай Зекенұлы Шоқан Уәлиханов атындағы университетте өзіндік із қалдырған басшылардың бірі болып тарихқа жазылды.