Бүгін университет ректоры Марат Сырлыбаев студенттермен 2021-2022 оқу жылының көктемгі семестрдегі оқу форматы бойынша онлайн кездесу өткізді.
Университетімізде көктемгі оқу семестрі өңірдегі эпидемиялогиялық жағдайға байланысты 24 қаңтардан бастап аралас форматта өтеді: дәрістер – онлайн, зертханалық сабақтар, өндірістік тәжірибе – офлайн форматта болады.
Кездесу барысында ректор студенттердің вакцина және ревакцинация алу, жатақхана мәселелері секілді әртүрлі сауалдарына жауап берді.
Сонымен қатар жоғары мектеп және институт директорларына студенттердің барлық ұсыныстары мен мәселелерін дер кезінде шешіп отыруы туралы нұсқаулар берді.
Сондай-ақ, студенттердің оқу барысында қандай да мәселелер туындаған жағдайда университет басшылығына жүгіне алатындығын айтты