10 желтоқсан 2021 жылы Қазақстан тарихы және «Рухани Жаңғыру» кафедрасының аға оқытушысы Р.А.Идрисов және кітапханашы Рыскельдина А.С. №4 оқу корпусының оқу залында «Тарих және дінтану», «Ғылыми тарих», «География және тарих» мамандықтарының студенттері арасында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналған «Тәуелсіздіктің тұғыры – жас ұрпақтың ұраны» атты кітаптар көрмесін және сұрақ-жауап сайысын өткізді. Ұйымдастыруға және өткізуге ат салысқан ИРК-91, ГИК-91 топтары мен 1 курс студенттерінің үш тобы терең білімдері мен тапқырлықтарын көрсете білді.
Сайыстың мақсаты: қазақ елінің Тәуелсіздігі, бірлігі, тұтастығы, теңдігі, ар-намысы, бостандығы үшін күрескен тарихи тұлғалардың ерен еңбегі және мемлекетіміздің негізгі тарихи кезеңдерін атап көрсету, студенттердің білімге деген қызығушылықтарын арттыру, намысты және ұлтжанды болуға тәрбиелеу. Төрт турдан тұрған сайыс соңында жеңімпаздар анықталып, марапатталды.