Бүгін жоғары білім беру көшбасшыларының бірінде - Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде БАҚ өкілдері үшін ақпараттық кездесу өткізілді. Кездесу тақырыбы "Ualikhanov University-дегі жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы".
Шақырылған қонақтардың тізімінде "Арка ажары", "Kokshe.tv" ,"Литер", "Nur.kz", "Акмолинская правда", " 716.kz ", "go.kokshetau", "Казахстан медиа", "Синегорье", "Хабар", "Salem.Sever" және Алматы қаласының фотожурналисттері.
Құрметті қонақтардың қатарында - "Қазконтент" АҚ басқарушы директоры Ұлан Әбішев, "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" ЖШС директоры Талғат Қалиев, сондай-ақ Әл-Фараби атындағы KazNU журналистика факультетінің өкілі Асылхан Әбдірайым.
Университет ректоры М.Қ. Сырлыбаев университеттің соңғы жетістіктері мен даму перспективалары туралы айтып берді. Сонымен қатар, ол "Ualikhanov University" 1 дәрежелі медалімен С. Сәдуақасов атындағы Агротехникалық институттың 4 курс студенті Оспанова Меруертті суға батып бара жатқан адамды құтқарғаны үшін марапаттады. Университеттің бірінші проректоры Г.С. Байтук жатақханалардың жаңа оқу жылына дайындығы туралы айтты. БАҚ және блогосфера өкілдері университет қабырғасында жастар саясатының жүзеге асырылуы туралы хабардар етілді.
Шақырылған қонақтар мен университет басшылығы арасында қызу әңгіме және пікір алмасу өтті.
Аудиториялық қор жеткілікті ме, жылыту маусымына дайындық, шетелдік университеттермен ынтымақтастық сияқты тақырыптар талқыланып, бірден толық жауаптар алынды.
Соңында университет, жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан жатақханалар бойынша экскурсия өткізілді.Бүгінгі таңда Ualikhanov University-нің 4 факультетіне 7000-нан астам оқушы оқиды. Биыл университет 1347 грант алды, сонымен қатар ЖОО студенттерді коммерциялық негізде қабылдайды. ЖОО-да 1365 орындық 5 студенттік жатақхана бар, 520 орын жетіспейді. Университет бұл мәселені шешу үшін барлық шараларды қабылдауда. Студенттер орналасу үшін қонақ үйлер мен жатақханалармен меморандумдар жасалды. Жоғары курс студенттері үшін "Көкшетау" қонақ үйімен 150 орынға шарт жасалды. Шартқа сәйкес бір төсек-орын құнының жартысын төлеуге университет демеуқаржы (42 мың теңгенің 21 мыңын) береді.