Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ғимаратында “Таза Қазақстан” экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын іске асыру мақсатында жиын өтті.

Аталған жиынға, Ақмола облысы жастар – ресурстық орталығы жанындағы «Волонтерлерді қолдау орталығы» фронт кеңсесінің басшысы – Хамзин Дидар Ахметұлы, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттер арасындағы жастар саясаты департаментінің басшысы – Тілеубаева Назгүл Найзабекқызы мен аталмыш оқу орнының парламент мүшелері қатысып, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аталған оқу мекемесіндегі волонтерлердің қызметі мен жетістіктері туралы сөз қозғалды.