Магистратура - тиісті мамандық бойынша «магистр» академиялық дәрежесін бере отырып, ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламасы

Өтініштерді қабылдау мерзімі:

Қаз. 28, 2024 - Қар. 10, 2024

Магистратура бағдарламалары

Бағдарламаларды қарау

Кадрларды даярлау екі бағыт бойынша жүзеге асырылады

Ғылыми-педагогикалық

Оқу мерзімі: 2 жыл
Ғылыми және педагогикалық магистратура тереңдетілген ғылыми-педагогикалық даярлығы бар жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі мен ғылыми сала үшін ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асырады.

Ғылыми және педагогикалық бағыттағы түлек ЖОО-да сабақ беруге құқылы.

Бейіндік

Оқу мерзімі: 1 жыл
Бейіндік магистратура тереңдетілген кәсіптік даярлығы бар экономика, медицина, құқық, өнер, қызмет көрсету және бизнес салалары үшін кадрлар даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асырады. Бейінді магистратураның білім беру бағдарламалары оқытудың қолданбалы сипатына ие, басқарушылық дағдыларды қалыптастыруға және кәсіби менеджерлерді (басқару қызметінің барлық аспектілері бойынша жалпы бейінді басшыларды) даярлауды қамтамасыз етуге бағытталған.

  • Ұйым басшысының атына өтініш
  • Білім туралы құжат (түпнұсқа + көшірме)
  • Жеке куәліктің көшірмесі (өзімен бірге түпнұсқасы болуы керек)
  • №075-У нысаны бойынша медициналық анықтама
  • 6 сурет 3×4
  • Бағдарламалар бойынша кешенді тест тапсыру туралы сертификаттың көшірмесі (олар болған жағдайда)
  • IELTS, TOEFL сертификаты (олар болған жағдайда)
  • Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін)

Халықаралық сертификаттардың бірі бар адамдар шет тілі бойынша тесттен келесі тілдер бойынша магистратураға КТ-дан босатылады:

Ағылшын тілі

IELTS Academic

Шекті балл: кемінде 6.0

TOEFL IBT

Шекті балл: кемінде 60

TOEFL PBT

Шекті балл: кемінде 498

Неміс тілі

DSH

C1 деңгейі

TestDaF-Prufung

C1 деңгейі

Француз тілі

TFI

Оқу және тыңдау секциялары бойынша B1 деңгейінен төмен емес

DELF

B2 деңгейі

DALF

C1 деңгейі

TCF

кемінде 50 балл