Стратегиялық даму, аккредитация және жаһандық серіктестік департаменті
Стратегиялық даму, аккредитация және жаһандық серіктестік департаменті (СДАЖСД) университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Даму бойынша ұзақ мерзімді стратегияны қалыптастыру мен іске асыруды, ұлттық және халықаралық аккредиттеу процестерін сүйемелдеуді, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық пен жаһандық серіктестікті дамытуды қамтамасыз етеді.
Департамент университеттің орнықты дамуын қамтамасыз етуде, білім беру қызметінің сапасын арттыруда және оның ұлттық әрі халықаралық білім беру кеңістігіндегі позицияларын нығайтуда маңызды рөл атқарады.
Департаменттің құрылымы
Стратегиялық даму, аккредитация және жаһандық серіктестік департаментінің құрамы:
- Стратегия, аккредиттеу және сапа менеджменті бөлімі;
- Халықаралық жобаларды басқару бөлімі;
- Халықаралық ынтымақтастық бөлімі;
- Жаппай ашық онлайн-курстар орталығы (MOOC).
Департаменттің негізгі міндеттері
Стратегиялық даму, аккредитация және жаһандық серіктестік департаменті:
- университеттің стратегиялық даму бағыттарын іске асыруды үйлестіруді және мониторингті жүзеге асырады;
- стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған іс-шараларды жоспарлау мен олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
- ISO 9001 талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін, институционалдық және бағдарламалық аккредиттеу рәсімдерін сүйемелдеуді жүзеге асырады;
- университеттің білім беру бағдарламаларының ұлттық және халықаралық рейтингтерге қатысуын ұйымдастырады;
- халықаралық ынтымақтастықты дамытуды, академиялық ұтқырлықты, бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды, қос дипломды бағдарламаларды қамтитын халықаралық шарттар мен келісімдерді бастамалау және сүйемелдеуді, сондай-ақ университетті халықаралық білім беру кеңістігінде ілгерілетуді қамтамасыз етеді;
- Еуропалық одақ қаржыландыратын жобаларды қоса алғанда, халықаралық жобаларды үйлестіреді;
- халықаралық жобаларды және онлайн-білім беруді (MOOC) ұйымдастырушылық-әдістемелік тұрғыдан сүйемелдеуді жүзеге асырады.