3D City Tour
2025 жылдың соңындағы «StartUp Project» байқауының жеңімпаздары.
Стартап-жобаның негізін қалаушылар — Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кафедрасының Data Science бағыты бойынша студенттері Айткожина Мадина Алмазовна, Нурланов Даниял.
Гранттық қаржыландыру сомасы – 680 000 теңге.
Стартап-жобаның қысқаша сипаттамасы:
3D City Tour — пайдаланушыға кез келген ыңғайлы құрылғы арқылы қалалық ортаға толықтай енуге мүмкіндік беретін виртуалды цифрланған қаланың инновациялық форматы. 360 градус панорамалық шолу технологиясының арқасында әрбір адам үйден шықпай-ақ көшелер, алаңдар мен қала маңын еркін «аралай» алады.
Бұл тәсіл кеңістікті барынша шынайы қабылдауды қамтамасыз етеді: ғимараттарды жан-жақты қарауға, сәулетті зерттеуге, локациялар арасында ауысуға және өзін қалалық қозғалыстың толыққанды қатысушысы ретінде сезінуге мүмкіндік береді.
Платформа қолдануға ыңғайлылығымен және жоғары бейімделгіштігімен ерекшеленеді. Ол смартфондарда, планшеттерде және компьютерлерде бірдей тиімді жұмыс істейді, интернет жылдамдығына оңай бейімделеді және бейне сапасын автоматты түрде оңтайландырады.2026 жылдың басындағы жағдай бойынша стартап-жоба техникалық іске асыру кезеңінде.