«Бодрый день» кофеханасы
Бағалары қолжетімді, студенттер мен университет қызметкерлеріне арналған интерьері стильді әрі жайлы коворкинг аймағы, сондай-ақ сусындар, бәліштер мен десерттердің кең таңдауы бар әлеуметтік әсерге бағытталған стартап-жоба.
Стартап-жобаның негізін қалаушылары мен авторлары – Бизнес және қызмет көрсету кафедрасының оқытушылары: Жапарова Дина Қабдығалымовна, Акжанова Гүлзира Алпыспаевна. Студенттер: Қайыржан Зарина Сапарбекқызы, Анесова Анель Нұрлановна.
Гранттық қаржыландыру сомасы – 2 328 300 теңге.
Жобаны іске асыру және коммерцияландыру 2022 жылдан басталды – кофехана Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Бизнес және құқық жоғары мектебінің ғимаратында орналасқан (Көкшетау қ., Темірбеков көшесі, 30).
Қызмет түрі: жеке кәсіпкер (ЖК).
Instagram: https://www.instagram.com/bodryy_den1?igsh=ZmppYWF6ZWpoM2Jp