2025 жылғы «StartUp Project» конкурсының жеңімпаздары.

2026 жылдың басында жоба техникалық іске асыру кезеңінде.

Жоба тұжырымдамасы адамның кинетикалық энергиясын электр энергиясына айналдыруға негізделген.

Стартап-жобаның негізін қалаушылар – Педагогикалық институттың «Математика, физика және информатика» кафедрасының 4 курс студенттері Айтбекова Салтанат және Каппасова Асылтас.

Жобаның кураторы/жетекшісі — Шуюшбаева Нұргүл Найзабекқызы, «Математика, физика және информатика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры.

Гранттық қаржыландыру көлемі – 602 000 теңге.

Стартаптың негізгі миссиясы:

1. Денсаулық + энергия

Жоба физикалық белсенділікті және электр энергиясын өндіруді біріктіреді, пайдаланушыларға өз денсаулығын жақсарта отырып, пайдалы энергетикалық ресурс алуға мүмкіндік береді.

  1. 2. Экологиялық және энергия тиімділік

Велотренажер жаңартылатын энергия көзі — адамның бұлшық ет күшін пайдаланады, дәстүрлі энергия көздерінен тұтынуды азайтып, экологиялық ойлау қалыптастыруға ықпал етеді.

  1. 3. Салауатты өмір салтын насихаттау

Стартап адамдарды тұрақты түрде дене белсенділігімен айналысуға ынталандырады. Бұл әсіресе студенттер, кеңсе қызметкерлері және аз қимылдайтын жастар үшін өзекті.

  1. 4. Практикалық қолдану

Жоба физика заңдары мен баламалы энергетика принциптерін көрсетуге арналған оқу-көрнекілік құрал ретінде, сондай-ақ зарядтау мүмкіндігі шектеулі саябақтарда, табиғатты қорғау аймақтарында және туристік бағыттарда орнатуға болатын практикалық өнім ретінде қолданылуы мүмкін.

  1. 5. Жобаның әлеуметтік маңыздылығы

Стартап бірден бірнеше маңызды қоғамдық міндеттерді шешеді: салауатты өмір салтын насихаттау, энергияны ұтымды пайдалану және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.

  1. 6. Инновация және пәнаралық сипат

Жоба физика, инженерия, информатика және педагогика салаларының тоғысында орналасқан, бұл оның ғылыми және білім беру құндылығын арттырады.

  1. 7. Қолжетімділік және масштабталу

Велотренажердің құрылымы әртүрлі пайдалану жағдайларына бейімделіп, спорттық және әлеуметтік нысандарда жаппай қолдануға мүмкіндік береді.