«StartUp Project» 2025 жылғы байқауының жеңімпаздары.

Стартап-жобаның негізін қалаушы-авторлары — Педагогика, психология және жас ерекшеліктерін дамыту кафедрасының 2-курс магистранттары Байгужина Асель және Черепанова Алевтина.

Гранттық қаржыландыру сомасы – 810 000 теңге.

Негізгі қызмет бағыты – балалар үшін білім алу мен қызықты демалысты біріктіретін кітап өнімін жасау және дамыту, сондай-ақ танымдық үдеріске жайлы әрі қауіпсіз түрде енуін қамтамасыз ету.

2026 жылдың басына қарай жоба іске асырудың қорытынды кезеңінде – кітап өнімін әзірлеудің барлық кезеңдері толық аяқталды: тұжырымдаманы және мазмұнын әзірлеуден бастап дизайн мен баспаға дейінгі дайындыққа дейін. Қазіргі уақытта өнімді тираждау және кейінгі сатылымға шығару жұмыстары жүргізілуде.

Instagram: https://www.instagram.com/bilimzhan.world/.