«LabKit» зертханалық жинақтарды өндіру шеберханасыстартап-жобасы
2025 жылғы білім беру стартапы химия, физика және биология пәндері бойынша мектеп оқушыларына арналған. Жобаның мақсаты – жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерге негізделген қызықты ойын ортасы арқылы оқушылардың ғылыми және шығармашылық ойлауын қалыптастыру, сондай-ақ зерттеу дағдыларын дамыту.
Стартап-жобаның негізін қалаушы-авторы – химия ғылымдарының магистрі, химия және биотехнология кафедрасының сеньор-лекторы Ескендирова Азиза Айбековна.
Гранттық қаржыландыру сомасы – 1 495 000 теңге + қосымша қаржыландыру – 518 830 теңге.
Өнім апробациясы «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ базасында жүргізілді.
2026 жылдың басында жоба іске асыру кезеңінде – «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ бас ғимаратының 8-қабатында (Көкшетау қ., Абай Құнанбаев көшесі, 76) өндіріс үшін арнайы кабинет жабдықталған, картон кесуге және бокс жасауға арналған станок сатып алынған. Химия пәні бойынша зертханалық жинақтарға қажетті реактивтер мен материалдар толық сатып алынды.
Жоба International IT University және Startup Orda инкубациялық бағдарламаларынан өтті, сондай-ақ тұрақты түрде қалалық және облыстық деңгейдегі түрлі конкурстар мен іс-шараларға қатысып келеді.
Instagram сілтемесі:
https://www.instagram.com/yeskendirovaaziza?igsh=aGxydjQ3b3FwOXJw