«NomadWay» стартап-жобасы
2025 жылдың соңында өткен «StartUp Project» байқауының жеңімпаздары.
Стартап-жобаның негізін қалаушы авторлар — Математика, физика және информатика кафедрасының студенттері Калишева Аяжан Серікбайқызы, Әлкенов Данекер Амангелдіұлы, Жайлыбай Бекжан Халықұлы.
Гранттық қаржыландыру сомасы – 1 700 000 теңге.
Стартап-жобаның қысқаша сипаттамасы:
«NomadWay — туризм саласын бір жерде біріктіретін бірыңғай платформа».Кімдерге арналған:
- Жастар (трендтегі бағыттар бойынша тиімді саяхаттағысы келетін студенттер).
- Ересектер (қауіпсіздік пен жайлылықты басты орынға қоятын отбасылы адамдар).
- Егде жастағылар (емдеу-сауықтыру орындары мен курорттарды іздеушілер).
- Туристер (этно-номадтар, диджитал-номадтар).
Негізгі функционал: қолжетімді турлар + ақпараттық, клиенттік және серіктестік база + бонустық жүйе + AI көмекші.
2026 жылдың басындағы ахуал бойынша – стартап-жоба техникалық іске асырылу барысында.
Мобильді қосымшаның прототипіне сілтеме: 91.228.154.82
Instagram: https://www.instagram.com/wayofnomads.official?igsh=MTZpdTZ0eGd6bzkzeQ==