«StartUp Project» 2025 жылғы байқауының жеңімпаздары.

Стартап-жобаның негізін қалаушылар-авторлары — Утегенова Жұлдыз Сайранқызы, PhD докторы, қауымдастырылған профессор, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Бизнес және қызмет көрсету кафедрасының меңгерушісі; Сейтіков Асқар Таймысұлы, экономика магистрі, Бизнес және қызмет көрсету кафедрасының сеньор-лекторы; «Туризм» бағыты бойынша Бизнес және қызмет көрсету кафедрасының студенттері – Орал Динара Қайратқызы және Идрисова Алина Еркенқызы.

Гранттық қаржыландыру сомасы – 1 900 000 теңге.

Негізгі қызмет бағыты – әртүрлі жастағы клиенттердің, соның ішінде зейнет жасындағы адамдардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескере отырып, жайлы, қауіпсіз және танымдық демалысты ұйымдастыру.

2026 жылдың басына жоба іске асыру кезеңінде – тіркеу мен техникалық жабдықтаудың негізгі кезеңдерінен өтті. ЖШС тіркелді, салық және статистика органдарында есепке қою жүргізілді, мөр дайындалды және Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Бизнес және құқық жоғары мектебі ғимаратындағы №107 аудиторияда (Көкшетау қ., Темірбеков көшесі, 30) кеңсе аймағы дайындалды.

Команда «Гид-экскурсоводтың заманауи құзыреттері» бағдарламасы бойынша 72 академиялық сағат көлемінде біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Туроператор лицензиясы алынды.

Қызмет нысаны: Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС).

Instagram: https://www.instagram.com/seniortravel.kz?igsh=aGt3ZHBhdnNuNzN1