Технологияларды коммерцияландыру кенсесінің қызметі университеттің ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін ілгерілетуге, сондай-ақ өңірдің дамуы мақсатында ғалымдар мен жеке кәсіпкерлік субъектілері арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыруға бағытталған.

Қызмет саласы:

  • Ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерцияландыруға дайындауға жәрдемдесу, оның ішінде әзірлемелердің әлеуетін бағалау, лицензиялау рәсімдерін сүйемелдеу және қорғау құжаттарын рәсімдеу;
  • Өнім жасау немесе өңірдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу мақсатында перспективалы технологияларды, ғылыми зерттеулер мен өнертабыстарды іздеу бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту үшін бизнес секторын тарту;
  • Ғылыми зерттеулердің, әзірлемелер мен технологиялардың коммерциялық тұрғыдан перспективалы нәтижелерін нарыққа ілгерілету мақсатында әлеуетті серіктестер мен инвесторларды іздеу;
  • Техникалық кеңес беру, талдамалық және сараптамалық қызметтерді ұйымдастыру, маркетингтік зерттеулер жүргізу;
  • Ғылыми және инновациялық жобаларды қаржыландыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен ынтымақтастық орнату.

Байланыс деректері

Тел.: 8 708 444 10 85

Эл. пошта: innovdepart@gmail.com