Технологияларды коммерцияландыру офисі "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негізінде жұмыс істейді.

ТКО қызметінің мақсаты ғылыми және ғылыми-техникалық жұмыстардың нәтижелерін және университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерінің құзыреттерін коммерцияландыру болып табылады.

ТКО-ның негізгі міндеті: экономика салаларының қажеттіліктеріне сәйкес ғылыми әзірлемелердің, технологиялардың бәсекеге қабілетті коммерциялық перспективалық нәтижелерін нарыққа жылжыту үшін серіктестер іздеу және университет пен кәсіпорындар (ұйымдар, бизнес) арасында өзара тиімді қатынастар орнату.