AP26196213 «Ақмола облысындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын тұрақты басқарудың тәуекелге негізделген моделін құрастыру» (Курманбаева Айгуль Сапарбековна)
ҚР ДСМ гранттық қаржыландырудың ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалары бойынша ақпарат
1) гранттық қаржыландыру 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру (іске асыру мерзімі - 36 ай)
Жоба туралы қысқаша ақпарат
Жоба атауы
AP26196213 «Ақмола облысындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын тұрақты басқарудың тәуекелге негізделген моделін құрастыру»
Жоба жетекшісі
Курманбаева Айгуль Сапарбековна
Іске асыру мерзімдері
2025 - 2027
Қаржыландыру сомасы
115 456 989
Өзектілігі
Қазақстанда да, бүкіл әлемде де қалдықтарды кәдеге жаратудың негізгі әдісі оны қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарында сақтау болып қала береді. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметі бойынша, 2022 жылы елімізде 4 миллион тоннадан астам тұрмыстық қалдықтар түзіліп, республика бойынша орташа есеппен 25,41 пайызы қайта өңделген. Ақмола облысында қайта өңделген қалдықтардың үлесі небәрі 7,9% құрады; Елімізде полигондар саны 3000-нан асады, ал олардың көпшілігі, шамамен 80 пайызы санитарлық нормалар мен экологиялық талаптарға сай емес. Бір ғана Ақмола облысында 249 полигон болса, оның 225-інің рұқсат құжаты жоқ. Мұндай полигондарда жалпы алғанда жобалық құжаттама,қалдықтардыорналастыруға шектеулер жоқ, сандай-ақ, кәдеге жарату технологиясы талаптарына сәйкескелмейді, оларда дозиметрлік аспаптар, таразылар, сүзгілеу және газ шығару жүйесі және т.б. жоқ. Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде 2030 жылға қарай санитарлық қалдықтарды сақтау үлесін 95%-ға дейін арттыру жоспарлануда, бұл полигондардың жағдайын бағалаудың маңыздылығын және оларды санитарлық және экологиялық нормаларға сәйкестендіру қажеттілігін көрсетеді.
Қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарында қалдықтардың жиналуы кәдеге жаратудың ең арзан, тиімді және сонымен бірге ең қауіпті әдістерінің бірі болып табылады, өйткені полигондар дұрыс пайдаланылмаса, жоғары экологиялық қауіптің көздеріне айналуы мүмкін. Жиналған қалдықтардың үйінділерінде атмосфераға шығарылатын полигон газдарының, жер үсті және жер асты суларын ластауы мүмкін түрлі ыдырау реакциялары жүреді, сондай-ақ қалдықтар шіру кезінде температура көтеріліп, өрт пен түтіннің пайда болу қаупі артады. Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтамау халық арасында аурушаңдықтың өршуіне әкелуі мүмкін.Жоғарыда айтылғандарға байланысты полигондардың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерін зерттеу және бағалау бойынша зерттеулер жүргізу қажеттілігі күмән тудырмайды. Қалдықтарды тұрақты басқару, полигондардың экологиялық жағдайын бақылау және оларды санитарлық және экологиялық нормаларға сәйкестендіру мәселесі өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Мақсаты
Ақмола облысының кейбір қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының геоэкологиялық жағдайын бағалау, ықтимал тәуекелдерді анықтау және қоршаған ортаға әсерді азайту және тиімді басқаруды, мониторингті және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тәуекелге негізделген басқару моделін құру.
Жоба нәтижелері
Жоба нәтижелері бойынша жарияланатын болады:
Science Citation Index Expanded индекстелетін және Web of Science базасында импакт-фактор бойынша 1 (бірінші) және (немесе) 2 (екінші) квартильге кіретін және (немесе) Scopus базасында CiteScore бойынша кемінде 65 (алпыс бес) процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымдарда кемінде 2 (екі) мақала және (немесе) шолулар;
- ҚР БҒМ БҒСКБ ұсынған рецензияланатын шетелдік немесе отандық басылымда кемінде 3 (екі) мақала немесе шолу;
- Мақалалардың бірі Қазақстан экономикасының нақты секторындағы кәсіпорындардың міндеттері бойынша - multidisciplinary (көпсалалы немесе көпсалалы практикалық қолдану) санатымен жарияланатын болады.
Сонымен қатар, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда 4 мақала жарияланатын болады.
Зерттеу нәтижелері бойынша жобаның жұмыс тобы- «Қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын тұрақты басқаруды геоэкологиялық бағалау және модельдеу» монографиясын;
«Тәуекелдерді геоэкологиялық бағалау» атты бір оқу құралын жариялауды жоспарлап отыр.
Жоба авторлары зерттелген деректер мен анықталған қауіп факторларын ескере отырып, ҚТҚ полигондарында тұрақты басқарудың тәуекелге бағдарланған жұмыс істейтін моделін жасайды, ол қауіпті жағдайлар мен экологиялық апаттарды болжау, алдын алу және азайту құралы болады. Модельді практикалық қолдануға ыңғайлы болу үшін іс-шаралардың нақты регламенті болатын егжей-тегжейлі ғылыми-техникалық ұсыныстар жасалады. Құрылған модель мен ұсынымдардың сарапшылары ретінде қалдықтармен жұмыс істейтін кәсіпорындардың басшылары атынан мүдделі тараптар тартылатын болады.