3. ИРН AP09259015 "Биологиялық тыңайтқыш алу үшін термофильді ашыту әдісімен органикалық қалдықтарды тиімді өңдеу технологиясын әзірлеу" (Баязитова Зульфия Ерзатовна)
ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландырудың ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалары бойынша ақпарат
1) 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру (іске асыру мерзімі 36 ай)
Жоба туралы қысқаша ақпарат
Жоба тақырыбы
ИРН AP09259015 "Биологиялық тыңайтқыш алу үшін термофильді ашыту әдісімен органикалық қалдықтарды тиімді өңдеу технологиясын әзірлеу".
Жоба жетекшісі
Баязитова Зульфия Ерзатовна, б.ғ.к., қауымдастырылған профессор
Іске асыру мерзімдері
2021-2023 жж.
Қаржыландыру сумасы
48 719 384 теңге
Өзектілік
Жоба анаэробты ашыту және жоғары сапалы тыңайтқыш алу әдісімен қоғамдық тамақтану орындарында, жеке үй иеліктерінде және тамақ өнеркәсібінің түрлі кәсіпорындарында түзілетін тамақ қалдықтарын биологиялық өңдеудің тиімді әдісін әзірлеу арқылы өңірдің экологиялық жай-күйінің нашарлауын болдырмауға және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған. Экологиялық таза био тыңайтқыштарды қолдану топырақтың құнарлылығын арттырады және минералды тыңайтқыштарды қолданбай дақылдардың өнімділігін арттырады. Жоба қоқысты жинаудың дуалды жүйесін және тамақ қалдықтарын өңдеудің тиімді технологиясын енгізу мақсатында қоршаған ортаның ластануына, жер алқаптарының қысқаруына, өрттерге және т.б. әкелетін көму қаупі туралы түсіндіру және халық арасында ағарту жұмыстарын жүргізуді көздейді.
Мақсат
Көкшетау қаласы кәсіпорындарының органикалық қалдықтарын биореакторда термофильді ашыту әдісімен олардың физика-химиялық және токсикологиялық сипаттамаларын ескере отырып және биологиялық тыңайтқыштың әртүрлі нұсқаларын алу арқылы жинаудың және өңдеудің дуальды жүйесінің проективті ұсынысы мен технологиясын әзірлеу. Ауыл шаруашылығында пайдалану үшін эксперименттік далалық зерттеулер кезінде алынған тыңайтқыштардың тиімділігін анықтау.
Результаты проекта
Зерттеу нәтижелері бойынша Көкшетау қаласының тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары мен жеке үй иеліктерінен тамақ қалдықтарына түгендеу жүргізілді, сапалық және сандық сипаттамаларды ескере отырып, деректер базасы құрылды. Көкшетау қаласының кәсіпорындарына тән органикалық қалдықтардың физика-химиялық және токсикологиялық параметрлері анықталды. Химиялық құрамын ескере отырып, үздіксіз жұмыс істейтін металл зертханалық биогаз реакторында аралас органикалық қалдықтарды термофильді ашыту процесі зерттелді. Берілген процестің жылдамдығы мен тиімділігіне әртүрлі факторлардың әсері, сондай-ақ биореактордан кейін алынған тыңайтқыштың химиялық құрамы мен токсикологиялық қасиеттері зерттелді. Ақмола облысында кең таралған агродақыолдардың өнімділігіне тыңайтқыштардың мөлшері мен арақатынасының әсерін зерттеу бойынша зертханалық-далалық зерттеулер жүргізілді. Органикалық қалдықтарды қайта өңдеу жүйесін енгізудің экономикалық тиімділігі есептелген. Көкшетау қаласында халықтың қалдықтарды дуальды сұрыптауға дайындығын анықтау үшін әлеуметтік сауалнама жүргізілді .
Scopus базасында индекстелетін және Сitescore бойынша кемінде 50 (елу) процентилі бар жобаның ғылыми бағыты бойынша рецензияланатын ғылыми басылымдарда 3 (үш) мақала жарияланды.
- Bayazitova, Z.E.; Rodrigo-Ilarri, J.; Rodrigo-Clavero, M.-E.; Kurmanbayeva, A.S.; Safronova, N.M.; Belgibayeva, A.S.; Zhaparova, S.B.; Baikenova, G.E.; Kakabayev, A.A. Relevance of Environmental Surveys on the Design of a New Municipal Waste Management System on the City of Kokshetau (Kazakhstan). Sustainability 2022, 14, 14368. https://doi.org/10.3390/su142114368 процентиль 85, Журнал рейтингісі: JCR— Q2 (ағылшын)
- Bayazitova, Z.E.; Kurmanbayeva, A.S.; Tleuova Zh.О., Temirbekova N.G. Journal of Ecological Engineering (ISSN22998993-Poland) журналында. APPLICATION OF THE THERMOPHILIC FERMENTATION METHOD TO OBTAIN ENVIRONMENTALLY FRIENDLY ORGANIC FERTILIZER / Journal of Ecological Engineering 2023, 24(4), 202–216 https://doi.org/10.12911/22998993/159647; ISSN 2299–8993, License CC-BY 4.0 https://www.scopus.com/sourceid/21100246533. процентиль 52, Журнал рейтингісі: JCR— Q2. (ағылшын)
- 3. Bayazitova, Z.E.; Kurmanbayeva, A.S.; Kakabayev, A.A.; Belgibayeva, A.S.; Baidalin, M.E.; Bogapov I.M. “Impacts of Anaerobic Thermophilic Fermentation on Physicochemical Characteristics of Effluents Derived from Diverse Organic Feedstocks International Journal of Design and Nature and Ecodynamics (ISSN 1755-7437) журналының Vol. 18 No. 5. нөмірінде жариялауға қабылданды, Журнал профиліне сілтеме Scopus: https://www.scopus.com/sourceid/14200154728 процентиль 54, Журнал рейтингісі: JCR— Q2. (ағылшын)
Сондай-ақ ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ҚР ҒЖБМ ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитеті ұсынған басылымдарда 6 (алты) мақала жарияланды.
- Z.E. Bayazitova, A.S. Kurmanbayeva, A. A. Kakabayev, S.B. Zhaparova, G.S. Baituk, А. Zandybay, G.E Baikenova ASSESSMENT OF ECOLOGICAL DANGER OF SEEPAGE WATER SOLID WASTE LANDFILL OF KOKSHETAU.- Bulletin of KazNU "Ecological series".- v. 70, n. 1, p. 46-55, apr. 2022. ISSN 2617-7358. (әл Фараби атындағы ҚазҰУ). https://doi.org/10.26577/EJE.2022.v70.i1.05 (ағылшын)
- С.Б. Жапарова, З.Е. Баязитова, А.С. Курманбаева, А.А. Какабаев, Ж.Б.Бекпергенова Тұрмыстық тамақ қалдықтарын термофильді ашыту. Қарағанды университетінің хабаршысы. Биология сериясы. Медицина. География". ISSN-L 2518-7201 (Print). ISSN 2663-5003 (Online).- Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, № 3 (102)/2022- 56-66б. DOI 10.31489/2022BMG3/56-66 (орыс)
- Tleuova Zh.О., Мakeeva L.А., Bayazitova Z.Е., Kapbassova G.А., Shaimerdenova Z.М. Stabilization of organic municipal solid waste by composting// Bulletin of Karaganda University. The series "Biology. Medicine. Geography". ISSN-L 2518-7201 (Print). ISSN 2663-5003 (Online).- Karaganda University named after academician E.A. Buketov, 2022- 116-122б. DOI 10.31489/2022BMG1/116-121 (английский)
- З.Е. Баязитова, Н.Г. Темірбекова, А.Д. Махмутова «Картоп өсіру кезінде эффлюентті органикалық тыңайтқыш ретінде қолданудың тиімділігі» А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің көпсалалы ғылыми журналы. “3i: intellect, idea, innovation - интеллект, идея, инновация” 2022. - № 4.- 210-221б. doi: 10.52269/22266070_2022_4_110 (қазақ)
- Баязитова З.Е., Курманбаева А.С., Тлеуова Ж.О., Бельгибаева А.С., Темирбекова Н.Г. Анаэробты термофильді ашытудан алынған тыңайтқыштың өсімдіктердің өсу процестеріне әсерін зерттеу.- Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Хабаршысы республикалық ғылыми-әдістемелік журналы.- Қызылорда, №1 (64) 2023.-155-167б. (орыс)
- З.Е. Баязитова , А.С. Курманбаева, С.Б. Жапарова , А.С. Бельгибаева, Ж.О. Тлеуова, Н.Г. Темирбекова Органикалық қалдықтардың анаэробты термофильді ашытуының биогендік элементтердің құрамының өзгеруіне әсері. ҚазҰУ Хабаршысы. Экологиялық серия No2 (75). 2023.- 4-13б. https://doi.org/10.26577/EJE.2023.v75.i2.01 (орыс)
Екі монография және екі оқу құралы жарық көрді:
- З.Е. Баязитова, С.Б. Жапарова «Органикалық қалдықтарды қайта өңдеу».- Оқу құралы.- «Salem» баспасы, Көкшетау, 2022.- 200б. (қазақ)
- Баязитова З.Е., Курманбаева А.С., Абишева Г., Ахметова А.Б. Тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарының қоршаған ортаға әсерінің экологиялық аспектілері: монография/– «Salem» ЖК. - Алматы, 2023.- 168 б. (орыс)
- З.Е.Баязитова, А.С.Курманбаева, С.Б Жапарова., А.А.Какабаев, А.С.Бельгибаева Биологиялық тыңайтқыш алу арқылы термофильді ашыту әдісімен органикалық қалдықтарды тиімді өңдеу технологиясын әзірлеу: монография/ «Salem» ЖК. - Алматы, 2023.-330 б. (орыс)
- З.Е.Баязитова, С.Б.Жапарова, А.С.Курманбаева Азық-түлік қалдықтарынан тыңайтқыштарды қолдану: топырақ құнарлылығын арттыру және тұрақты ауыл шаруашылығы: Оқу құралы/ «Salem» ЖК. - Алматы, 2023.- 143 с. (орыс)