33. AP26199389 "Көкшетау" Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі флорасының түрлік биоәртүрлілігін зерттеу және цифрлық гербарий құрастыру (Б.ғ.к., доцент Дурмекбаева Ш.Н.)
ҚР ДСМ гранттық қаржыландырудың ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалары бойынша ақпарат
1) гранттық қаржыландыру 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру (іске асыру мерзімі - 36 ай)
Жоба туралы қысқаша ақпарат
Жоба атауы
AP26199389 "Көкшетау" Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі флорасының түрлік биоәртүрлілігін зерттеу және цифрлық гербарий құрастыру
Жоба жетекшісі
Б.ғ.к., доцент Дурмекбаева Ш.Н.
Іске асыру мерзімдері
2025-2027
Қаржыландыру сомасы
109 600 мың. тенге
Өзектілігі
Жобаның негізгі идеясы – «Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің флорасының түрлік биоәртүрлілігін зерттеуде цифрлық технологияларды пайдалану және цифрлық гербарий коллекцияларын құру. Бұл ғылыми және білім беру мақсаттарында интернет арқылы қолжетімділікті қамтамасыз етудің негізгі әдістерінің бірі ретінде қарастырылады.
«Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің биоәртүрлілігін сақтау және қалпына келтіру бойынша практикалық шаралар әзірленеді.
Мемлекеттік реттеудің жаңа құралдарын қолдану қажеттілігін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 611 Жарлығымен «Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары» бекітілді. Ұлттық жоспарда ғылымды дамыту, іргелі білімге, цифрлық технологияларға және қолайлы білім беру инфрақұрылымына тең қолжетімділікке негізделген сапалы білім беру жүйесін құру көзделеді.
Ұлттық жоспардың негізгі басымдықтарының бірі – ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың үлесін арттыру. Биоәртүрлілікті сақтау және басқару үшін экожүйелерді бақылауды, экологиялық қауіптерді бағалауды, мекендеу ортасын қалпына келтіру және қорғау бойынша басқару стратегияларын әзірлеу мен енгізуді көздейтін кешенді экожүйелік тәсілді әзірлеу жоспарлануда. Табиғатты қорғау саласындағы заңнаманы күшейтумен қатар, зерттеулер жүргізу және биоәртүрлілікті сақтау және қалпына келтіру бойынша практикалық шараларды жүзеге асыру үшін қажетті қаржыландыру мен ресурстарды қамтамасыз ету шаралары қарастырылған.
Осы жобаның аясында ерекше қорғалатын табиғи аумақтың биоәртүрлілігіне кешенді бағалау жүргізу, биомониторинг өткізу және өсімдіктердің қазіргі түрлік құрамын анықтау жоспарлануда. Өсімдіктер гендік қорын сақтау бойынша ұсыныстар әзірленіп, енгізіледі. Ғылыми және білім беру қызметінде цифрландыруды қолдану, биоалуантүрлілік бойынша желілік ресурс ретінде цифрлық гербарийлер құру
Мақсаты
«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өсімдіктерінің қазіргі түрлік құрамын зерттеу, цифрлық гербарий коллекциясын құру және интернет арқылы қолжетімділікті қамтамасыз ету, биоәртүрлілікті сақтау және қалпына келтіру бойынша ұсыныстар әзірлеу
Жоба нәтижелері
«Көкшетау» МҰТП 5 филиалының гербарий қоры және флоралық тізімдерімен жұмыс жүргізіледі. «Көкшетау» МҰТП аумағында флоралық зерттеулер маршруты әзірленеді. Түтікті өсімдіктердің түрлері жиналады. Өсімдік түрлері фотоға түсіріледі. Өсімдік түрлері анықталып, гербарий мен таксономиялық тізімі құрастырылады.
Осы жұмыстың нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасында өтетін Халықаралық конференция материалдарында 1 мақала жарияланады.
- Өсімдіктердің тіршілік формалары мен экологиялық топтарын талдауға арналған деректер жиналады. Өсімдіктердің тіршілік формалары анықталады.
Өсімдік түрлерінің экологиялық топтары анықталады.- Шаруашылықта құнды және дәрілік өсімдік түрлері анықталады.
Сирек және жойылып бара жатқан өсімдік түрлері анықталып, фотоға түсіріледі. Флора ұқсастығына талдау жүргізіледі.
- Өсімдіктердің морфологиялық сипаттамасы беріледі. Анатомиялық кесінділер дайындалып, микропрепараттар мен микрофотосуреттер жасалады, өсімдік мүшелерінің анатомиялық сипаттамасы мен морфометриялық талдау жасалады.
- Дәрілік өсімдіктердің компоненттік құрамы «Jeol JNM-ECA 400» (Жапония) ЯМР-спектрометрі арқылы ЯМР спектроскопия әдісімен зерттеледі.
- Жиналған гербарий материалдары мен этикеткалық ақпарат цифрландырылады. Цифрлық гербарий коллекциясы жинақталады. Цифрлық гербарийдің бастапқы деректері сайттың дерекқорына енгізу үшін өңделеді.
Сайттың дерекқорын контенттік толықтыру жүзеге асырылады және авторлық құқықпен қорғалатын нысандарға құқықтардың мемлекеттік тізіліміне енгізу туралы куәлік алынады.
- «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында биологиялық әртүрлілікті сақтау және қалпына келтіру бойынша ұсынымдар әзірленеді.
Жоба аяқталғаннан кейін келесі нәтижелер алынады:
Science Citation Index Expanded базасында индекстелетін және Web of Science базасында импакт-факторы бойынша 1 (бірінші) және (немесе) 2 (екінші) квартильге кіретін, сондай-ақ Scopus базасында CiteScore бойынша процентилі кемінде 65 (алпыс бес) болатын рецензияланатын ғылыми басылымдарда кемінде 2 (екі) мақала және (немесе) шолулар жарияланады;
ҒЖБССҚК ұсынған шетелдік немесе отандық рецензияланатын басылымда кемінде 2 (екі) мақала немесе шолулар жарияланады;
Мақалалардың бірі міндетті түрде Қазақстанның нақты секторындағы кәсіпорындардың міндеттеріне байланысты multidisciplinary (көпсалалы немесе пәнаралық практикалық қолданбалы) санатына сәйкес болуы тиіс.
- Жобаның ШЖК нөмірі көрсетіліп, алынған грантқа сілтеме жасай отырып, Қазақстан баспасында зерттеу нәтижелері бойынша монография шығарылады.Жобаны іске асыру барысында 2 магистрант дайындалады.Тиісті ғылым саласы бойынша:
• кемінде 1 (бір) философия докторы (PhD) немесе бейін бойынша доктор дайындалады (докторантура бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге лицензиясы бар ЖОО-мен бірлесіп даярлауға жол беріледі). Бұл ретте диссертацияны қорғау жобаның аяқталғанынан кейін 2 (екі) жылдан кешіктірілмей қорғауы мүмкін болады;
• немесе, егер докторантура бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге лицензиясы болмаған жағдайда, кемінде 2 (екі) адам постдокторлық дайындық бағдарламасын міндетті түрде аяқтайды (2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 37-бабына сәйкес) және әрқайсысы үшін КОКНВО ұсынған басылымда кемінде 2 (екі) мақала жарияланады.