5. ИРН АР13268760 Солтүстік Қазақстанның су экожүйелерін климаттың өзгеруіне бейімдеу және су шаруашылығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету (Есенжолов Бауржан Хаирденович)
ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландырудың ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалары бойынша ақпарат
1) "Жас Ғалым 2022-2024" ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру (іске асыру мерзімі 36 ай)
Жоба туралы қысқаша ақпарат
Жобаның тақырыбы
ИРН АР13268760 Солтүстік Қазақстанның су экожүйелерін климаттың өзгеруіне бейімдеу және су шаруашылығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Жобаның жетекшісі
Есенжолов Бауржан Хаирденович PhD, қауымдастырылған профессор
Іске асыру мерзімдері
2022-2024 жж.
Қаржыландыру сомасы
18 999 696 теңге
Өзектілік
Зерттеудің өзектілігі мынада: жаһандық, ұлттық және өңірлік климаттың өзгеруі орын алуда, осыған байланысты өңір экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін Солтүстік Қазақстандағы су бассейндерінің осалдық деңгейлерін, тәуекелдерін айқындау қажет.
Мақсат
Климаттың өзгеруі жағдайында Солтүстік Қазақстанның су экожүйелерін орнықты пайдаланылуын және су шаруашылығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оларды бейімдеу жөніндегі жобаны әзірлеу.
Жоба нәтижелері
Жүргізілген зерттеу нәтижесінде климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобы әзірлеген әртүрлі сценарийлерге сәйкес Солтүстік Қазақстандағы су бассейндерінің осалдық деңгейлері, тәуекелдері айқындалады және судың қажетті көлемі мен су экожүйелерінің қызметіне есептеулер беріледі, сондай-ақ судың сапасына талдау жүргізіледі.
Зерттеу нәтижелері бойынша 2023 жылы Scopus дерекқорында CiteScore бойынша 87 процентильмен Sustainability (Швейцария) журналында 1 (бір) мақала жарияланды.
2024 жылы Scopus дерекқорында CiteScore бойынша кемінде 50 процентиль бар журналда 1 (бір) мақала жарияланады.
- Kakabayev, A.; Yessenzholov, B.; Khussainov, A.; Rodrigo-Ilarri, J.; Rodrigo-Clavero, M.-E.; Kyzdarbekova, G.; Dankina, G. The Impact of Climate Change on the Water Systems of the Yesil River Basin in Northern Kazakhstan. Sustainability 2023, 15, 15745. https://doi.org/10.3390/ su152215745