Құрметті Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің

түлектері!

Ualikhanov University жанындағы Upgrade орталығы университет түлектеріне арналған тегін курстарға қабылдау жариялайды.

Upgrade орталығы — бұл жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектерін қолдауға бағытталған құрылым. Ол үздіксіз білім беру жүйесінің бір бөлігі ретінде қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті мамандарға қойылатын талаптарға сай өзекті білім, білік және дағдыларды ұсынуға бағытталған.

Орталықтың қызметі Қазақстан Республикасында ғылым мен жоғары білімді дамытудың Тұжырымдамасына сәйкес бірнеше бағыт (курс) бойынша жүзеге асырылады.

Курс соңында сертификат беріледі.

Сіздердің назарларыңызға жоспарланған курстар тізімі ұсынылады:

  1. Киберқылмыстардың алдын алу және оған қарсы әрекет.
  2. Бизнеске арналған ағылшын тілі.
  3. Арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалармен қосымша білім беру жүйесін ұйымдастыру.
  4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс.
  5. Денсаулық сақтау саласындағы басқарудың заманауи тәсілдері.
  6. Эмоциялық интеллект.
  7. Денсаулық сақтау саласындағы заманауи менеджердің құралдары.
  8. Жаңадан бастаушыларға арналған бухгалтерлік есеп.
  9. Жобалық-зерттеу қызметін жасанды интеллектпен интеграциялау.
  10. Оқушылардың биология пәні бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру (ЖИ қолдану арқылы).

Тіркеу анонстарда көрсетілген QR код арқылы жүргізіледі.

Қосымша ақпарат үшін мына нөмірге хабарласыңыз:

Айжан Мейрамовна