Педагогикалық қайта даярлау
"Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" КеАҚ жанындағы Үздіксіз білім беру институтының негізгі қызметінің бірі - педагогикалық қайта даярлау курстарын өткізу.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 17 наурыздағы № 110 бұйрығына сәйкес ЖОО педагогикалық қайта даярлау курстарын педагогикалық білімі жоқ, тиісті бейін бойынша педагогтің кәсіби қызметіне алғаш рет кірісетін кәсіптік білімі бар адамдар үшін жүргізеді.
Педагогикалық қайта даярлау тәртібі:
- педагогикалық қайта даярлау курстарында оқу барысында тыңдаушы психологиялық-педагогикалық пәндер модулінүйренеді, сондай-ақ міндетті түрде педагогикалық практикадан өтеді;
- оқу мерізі: 6,5 ай;
- оқу бағдарламасының көлемі – 40 кредит;
- педагогикалық қайта даярлаудың білім беру бағдарламасын игеру тыңдаушыларды қорытынды аттестаттаумен аяқталады;
- оқу курсынан сәтті өткен тыңдаушыларға қайта даярлау курсынан өткені туралы сертификат беріледі.
"Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" КЕАҚ педагогикалық қайта даярлаудың білім беру бағдарламаларының 2024-2025 оқу жылына арналған тізбесі:
- Мектепке дейінгі білім берудің педагогикасы мен әдістемесі;
- Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі;
- Әлеуметтік педагог, инклюзивті білім беру тьюторы;
- Математика;
- Физика;
- Дене шынықтыру және спорт;
- Ағылшын тілі;
- Химия;
- География;
- Биология;
- Информатика және робототехника;
- Тарих;
- Қазақ тілі мен әдебиеті;
- Көркем еңбек.
Курстарға түсетін тұлғалар келесі құжаттарды ұсынады:
1) университет ректорының атына жазылған өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3)жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі (қосымшасымен)
4) 3х4 өлшемді екі фотосурет;
5) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген "Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіптік-консультациялық қорытынды)" 075/у нысанындағы медициналық анықтама
Барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыз:
"Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" КеАҚ, Үздіксіз білім беру институты:
- байлнаныс телефоны: +7 (7162) 25-14-11
- мекенжай: Ақмола облысы, Көкшетау қ., Абай к., 76, №1 ғимарат (бас ғимарат, 321 кабинет)