Оқыту ережелері мен шарттары
Тыңдаушылардың құқықтары мен міндеттері
Тыңдаушылар ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, оқу жоспарлары мен бағдарламаларында белгіленген оқу жұмысының барлық түрлерін орындауға міндетті.
Тыңдаушылар құқылы:
- Университет Жарғысына сәйкес кәсіби қызмет мәселелері бойынша нормативтік, нұсқаулық, оқу және оқу-әдістемелік құжаттаманы, сондай-ақ кітапхана мен басқа бөлімшелердің қызметтерін пайдалану;
- конференциялар мен семинарларға қатысу, университет басылымдарында жариялау үшін өз рефераттарын, ғылыми жұмыстарын және басқа да материалдарды ұсыну.
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы Үздіксіз білім беру институтынан "тыңдаушы" оқудан өзінің жеке өтінішінде курстарда одан әрі оқуға мүмкіндік бермейтін себептерді көрсете отырып, шығарылған кезде, университет "Тапсырыс берушіге" оқудан шығару туралы бұйрық шығарылған күні айқындалатын университет шығыстарын шегергенде, келесі айлар үшін алдын ала төлемді ғана қайтарады. Ағымдағы ай үшін төлем қайтаруға жатпайды.
Оқу курсына ақы төлеу
Біліктілікті арттыру курстарында оқу, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің (магистратура, докторантура) және педагогикалық қайта даярлаудың білім беру бағдарламалары бойынша пререквизиттерді игеру құны қаржы - экономикалық қызмет ұсынған есептер негізінде Басқарма төрағасы-ректор жыл сайын бекітетін прейскурантпен айқындалады.
Оқу ақысы сабақ басталғанға дейін 3 күн бұрын төленеді. Оқу құны таңдалған бағдарламаға байланысты болады.
Оқу курсына ақы төлеу
Оқу ақысын KASPI.KZ мобильді қосымша арқылы төлеуге болады:
- Төлемдер бөліміне өтіңіз.
- Білім санатын таңдаңыз.
- ЖОО-ға төлем бөлімінде Көкшетау қаласын таңдаңыз.
- Ш. Уәлиханов атындағы КУ университетін таңдаңыз.
- ҮБИ факультетін көрсетіңіз.
- Курсты таңдаңыз: біліктілікті арттыру, педагогикалық қайта даярлау немесе басқа курс.
- Студенттің Т.А.Ә. және ЖСН енгізіңіз.
- Төлеушінің Т.А.Ә. көрсетіңіз (егер студент төлемесе, онда төлеушінің мәліметтерін көрсетіңіз).
- Төлем үшін қажетті соманы салыңыз.
- Төлем әдісін таңдап, Төлем түймесін басыңыз (төлем туралы түбіртекті WhatsApp арқылы жібересіз)
Барлық сұрақтар бойынша осында хабарласыңыз:
«Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті», Үздіксіз білім беру институты:
- байланыс телефоны: +7 (7162) 25-14-11
- мекен-жайы: Ақмола облысы, Көкшетау қ., Абай к., 76, №1 ғимарат (бас ғимарат, 321- кабинет.