Күміс университет
Күміс университетінің жұмысы туралы ақпарат
Күміс университеті – үшінші жастағы азаматтарға қосымша және бейресми білім алуға мүмкіндік беретін жоба.
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде Күміс университеті 2021 жылдан бері жұмыс істейді және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 248 қаулысы).
Жобаны іске асыру кезеңінде Күміс университеті Көкшетау қаласы мен Ақмола өңірінде тұратын аға буын өкілдері арасында кең қолдауға ие болды.
Университет қызметі жүйелі түрде дамып, білім беру бағыттары мен оқу курстарының ауқымы кеңейіп келеді. Тыңдаушылармен жұмыс барысында аудиториядан тыс іс-шаралардың түрлі форматтары енгізіліп, білім алудың мазмұны мен қолжетімділігіне ерекше назар аударылуда.
Сабақтарды Ш. Уәлиханов атындағы университеттің білікті оқытушылары, тәжірибелі мамандары және белсенді студенттері жүргізеді. Жобаның тұрақты дамуына қала мен өңір кәсіпкерлері де қолдау көрсетіп келеді.
Тыңдаушылар санының жылдар бойынша өсімі жобаның сұранысқа ие екенін айқын көрсетеді: 2021 жылы - 112 адам, 2022 жылы - 89 адам, 2023 жылы - 88 адам, 2024 жылы - 134 адам, 2025 жылы - 138 адам.
2025 - 2026 оқу жылында тыңдаушыларға келесі курстар ұсынылды:
- Ағылшын тілі (курстар бойынша);
- Қазақ тілі (курстар бойынша);
- Іскерлік қазақ тілі;
- Ақмола өңірінің репрессия жылдарындағы тарихы (1920–1950 жж.);
- Когнитивтік функцияларды дамыту;
- Бизнестің негіздері;
- Психология;
- Сауықтыру дене шынықтыру;
- Компьютерлік және цифрлық сауаттылық;
- Бейнелеу өнері;
- Тігін ісі (курстар бойынша);
- Әлеуметтік медиа маркетингі;
- Күнделікті өмірдегі жасанды интеллект;
- Алғашқы медициналық көмек және науқастарға күтім жасау;
- Қаржылық және құқықтық сауаттылық негіздері.
Күміс университеті - аға буын өкілдерінің үздіксіз білім алуына, өзін-өзі дамытуына және қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік беретін заманауи білім беру жүйесі.
Сонымен қатар, университет қабырғасында экскурсиялар мен туристік бағыттарды ұйымдастыруға арналған «Senior Travel» стартап-жобасы табысты жұмыс істейді. Жоба аясында тыңдаушыларға өңір бойынша, Қазақстан аумағында және шетелге саяхаттар ұсынылады. 2025 жылы Ақмола өңірінде бірнеше экскурсия ұйымдастырылып, Қытай мен Өзбекстанға екі халықаралық тур жүзеге асырылды.
Ағымдағы жылы университет ғалымдары «Үшінші жастағы адамдарды қазіргі қоғамға қайта интеграциялау үдерісіндегі психологиялық аспект ретінде когнитивтік функциялар» және «Күміс ұрпақ және денсаулық» атты ғылыми-зерттеу жобаларын сәтті аяқтады. Бұл зерттеулер егде жастағы азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға, созылмалы аурулар жүктемесін азайтуға және қоғамдық денсаулықты нығайтуға бағытталды. Зерттеу нәтижелері Күміс университеттің білім беру бағдарламаларын дамытуда белсенді түрде қолданылып келеді.
2025 жылы Қазақстанның 55 жастан асқан барлық азаматтарына арналған алғашқы Жазғы мектеп ұйымдастырылды. Бағдарлама тыңдаушыларға оқу үдерісіне терең ену мүмкіндігін ұсынып, өңірлердің тарихи-мәдени көрікті жерлерін аралаумен ұштастырылды. Жазғы мектептің алғашқы маусымына Күміс университеттің түлектері мен Ақмола облысының қала-аудандарынан келген аға буын өкілдерін қоса алғанда, барлығы 80 адам қатысты.
Сондай-ақ, 2025 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті мен «Көкшетау қаласының белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» мемлекеттік мекемесі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қазіргі таңда бірлескен жұмыс белсенді түрде жүзеге асырылуда.
2025 жылы университеттің бастамасымен Қазақстандық Күміс университеттер қауымдастығы құрылды. Қауымдастық құрамына еліміздің 12 жоғары оқу орны кірді.
Халықаралық ынтымақтастық бағытында да маңызды қадамдар жасалуда. 2024 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті Үшінші жас университеттерінің халықаралық қауымдастығына (AIUTA) мүше болды. Сол жылы AIUTA Президенті, мырза Франсуа Веллас университетке ресми сапармен келді.
2025 жылғы қыркүйек айында AIUTA делегациясы Президенті Ф. Велластың басшылығымен Қазақстан мен Өзбекстанға іскерлік сапар жасап, Көкшетау қаласына да сапармен келді. Делегация мүшелері Күміс университеттің 2025 - 2026 оқу жылының ашылу салтанатына қатысты.
Халықаралық байланыстарды дамыту жұмысы алдағы уақытта да жалғасын табады.
Келешекте де Ualikhanov University Күміс университет қызметін Орталық Азия елдерінде кеңінен танытуға басымдық беріп, бұл бағыттағы жүйелі жұмыс AIUTA-ның Орталық Азия хабын құруға негіз болады деп сенеміз.
-
-
Өту
2025 жылдың 9–15 маусымы аралығында UALIKHANOV UNIVERSITY Күміс университетінің Жазғы мектебі өтіп жатыр
-
Өту
Қатысушының пікірі — Татьяна Хандримайлова, «Ібіліс орамасына» көтерілу кезінде
-
Өту
UALIKHANOV UNIVERSITY Күміс университеті 2025–2026 оқу жылын бастады!
-
Өту
Бүгін, 16 қыркүйек, Күміс университет өзінің мерейтойлық 5-ші оқу жылын бастады!
-
Өту
Бүгін Күміс университетінде жоспарлау» атты шеберлік сабағы өтті
-
Өту
Күміс университетінің Дұрыс тамақтану клубының алғашқы отырысы өтті.
-
Өту
«Астана – үшінші мыңжылдық қаласы» атты 2 күндік турға шақырамыз!
-
Өту
Бүгін, 19 қараша, тыңдаушылардың аккаунттарына жеке аватар жасауға арналған мастер-класс өтті
-
Өту
Дұрыс тамақтану клубы Күміс университетінің тыңдаушыларына дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастырады
-
Өту
27.03.2024 ж. Қалалық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесі төралқасының кезекті отырысына қатыстым
-
Өту
Сабақ барысында кезекті шағын кездесулерде Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы Күміс университеті тыңдаушыларының қуанышты жүздерін көру қандай ғажап!
-
Өту
Ұзақ денсаулық пен еңбекке қабілеттіліктің кепілі болып табылатын дұрыс өмір салтымен қатар, дене шынықтыру үлкен маңызға ие...
-
Өту
"Күміс университетінде" ең көп сұранысқа ие бағдарламалардың бірі - "Ағылшын тілі" курсы
-
Өту
Театрға бару - бос уақытты өткізудің тамаша тәсілі
-
Өту
Адам жақсы көңіл-күйде болған кезде, оған кез-келген істі орындау әлдеқайда жеңіл болады, шындық мүлдем басқаша қабылданады және, әрине, одан оң нәтиже шығады
-
Өту
Күміс университетінің тыңдаушылары студенттік атмосфераға еніп, таңдалған курстардың сабақтарына белсенді қатысады
-
Өту
Психология сабағы
-
Өту
"Тігін цехы" стартап алаңында Күміс университетінің "Дизайн және киім тігу мектебі" білім беру бағдарламасын іске асыру іске қосылды
-
Өту
3.10.2023 ж. ғылыми кеңес залында "Күміс университеті" курстарының III маусымының ашылуы өтті
-
Өту
Күміс университет
Көкшетаудың қарт тұрғындары тағы да партаға отырды
Өту
Көктем мерекесі қарсаңында
күміс университетінің студенттері...
Өту
"Серебряные" вузеры
Көкшетаудағы зейнеткерлерге дипломдар табысталды
Өту