Жастар мен зейнеткерлік жас алдындағы адамдар үшін әлеуметтік жұмыс орындары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобаға сәйкес "бірінші жұмыс орны", "ұрпақтар келісімшарты" және "Күміс жас" жобалары шеңберінде де құрылады.


Қатысу мерзімі:

Қатысушылар:


"Күміс жас" жобасы бойынша жұмысқа орналасу үшін үміткер жұмыспен қамту орталығына мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді:

  1. жеке басын куәландыратын құжат;
  2. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);
  3. білімі туралы құжат (бар болса).


"Күміс жас" жобасы шеңберінде жұмысқа орналастырылған адамдар үшін ай сайынғы субсидия мөлшері салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыларды және банк қызметтерін ескере отырып, экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, жалақы мөлшерінің 50% - ын құрайды, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайды.


"Ұрпақтар келісімшарты" жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдардың еңбекақысын жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру мен субсидиялауды халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдар жүзеге асырады.


Орындалатын жұмыстың көлемі мен күрделілігіне қарай жұмыс беруші өз қаражаты есебінен, қажет болған жағдайда, нақты орындалған жұмыс үшін қосымша үстемеақы белгілейді.


Халықты жұмыспен қамту орталығы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күніне осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушілер ұсынған мәліметтер негізінде және есепті айға жұмыссыздарда міндетті зейнетақы жарналарының бар-жоғын тексергеннен кейін жалақыға субсидия сомасын жұмыс берушінің есептік шотына аударады.