Халықаралық жобаларды басқару бөлімі
Халықаралық жобаларды басқару бөлімі Университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және бірлескен халықаралық білім беру және ғылыми жобаларды әзірлеу мен іске асыруды жүзеге асырады.
Халықаралық жобаларды басқару бөлімінің негізгі міндеттері:
- Университеттің халықаралық және жоғары оқу орындары арасындағы байланыстарын дамытуға бағытталған іс-шараларды әзірлеу және ұйымдастыру, оны білім беру және ғылым саласында халықаралық деңгейде танылған қазақстандық ұйым ретінде таныту, сондай-ақ халықаралық жобалар аясында Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетіне ресми, жұмыс және бейресми/жеке сапармен келетін шетелдік делегацияларды қабылдауды ұйымдастыру;
Шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктестік орнату және ынтымақтастық бағдарламаларын ұйымдастыру, өзара іс-қимылды келісу және жоғары оқу орындары арасындағы алмасуларды жүзеге асыру, соның ішінде студенттер мен магистранттардың академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету, сондай-ақ халықаралық білім беру жобалары аясында шетелдік профессорларды дәріс оқуға тарту;
- Еуропалық Одақ бағдарламалары шеңберінде бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды әзірлеу және іске асыру.
Халықаралық жобаларды басқару бөлімінің негізгі функциялары:
- Болон процесінің қағидаттарын іске асыруға жәрдемдесу және білім беру кеңістігі субъектілерінің академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету;
- Ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындау, университеттің халықаралық жоғары оқу орындары арасындағы байланыстарын перспективалық жоспарлау, серіктестерді іздеу және іріктеу, бөлім құзыреті шеңберінде алмасу бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыруға қатысу;
- Халықаралық жобаларға байланысты шетелден келіп түсетін хат-хабарларды қарау;
- Ғылыми-білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық туралы келісімдерді іске асыруға жәрдемдесу;
- Халықаралық жобаларды іске асыруға байланысты институттардың (жоғары мектептердің), кафедралардың және басқа да құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіру және қолдау көрсету;
- Халықаралық бірлескен білім беру және ғылыми конференциялар, семинарлар және басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу;
- Құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп шетелге іссапарларға тапсырмаларды келісу және іссапарлар туралы бұйрықтарды дайындау;
- Халықаралық жобалар аясында университеттің халықаралық қызметін реттейтін құжаттарды (ереже, бұйрық, меморандум, шарттар, келісімдер, әдістемелік ұсынымдар және т.б.) заңгермен бірлесіп дайындау және талдау;
- Шетелдік серіктестер мен мүдделі ұйымдардың өкілдерін университетке шақыру, визалық қолдау көрсетуге, бастапқы көші-қон тіркеуіне көмектесу, келіссөздерді ұйымдастыру және өткізуге қатысу, ынтымақтастық келісімдері шеңберіндегі жұмыс бағдарламаларын қоса алғанда тиісті құжаттарды келісу және қол қою;
- Еуропалық білім беру және ғылыми жобаларды үйлестіру және әкімшілендіру;
- Халықаралық жобалар аясында шетелдік делегацияларды қабылдау бойынша хаттамалық іс-шараларды жүзеге асыру;
- Erasmus+ және басқа да еуропалық бағдарламалар жобаларын іске асыру;
- Студенттер мен оқытушыларға халықаралық білім беру және ғылыми бағдарламалар бойынша консультациялық көмек көрсету;
- Семинарлар мен тренингтер өткізу;
- Халықаралық алмасу бағдарламаларына қатысуға өтінімдерді ресімдеу және бірлескен жобаларды әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдар дайындау;
- Жобалар қаржыландыруы аяқталғаннан кейін олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстандағы Erasmus+ Ұлттық офисімен бірлесіп жұмыс істеу;
- Ашық онлайн курстарды (MOOC) әзірлеу, оларды халықаралық және ұлттық ашық білім беру платформаларында орналастыру және сүйемелдеу;
- Онлайн курстарды әзірлеу кезінде әдістемелік көмек көрсету;
- Бейнематериалдарды жазу;
- Бейнематериалдарды монтаждау және техникалық сапасын қамтамасыз ету;
- Контенттің техникалық және жалпы сапа параметрлерін бақылау;
- Бейнематериалдар базасын қалыптастыру;
- Онлайн курстарды платформаларға орналастыруға көмек көрсету.
Байкенова Гүлім Еркінқызы
Бөлім басшысы
university@shokan.edu.kz
Садуова Қарлығаш Жанатқызы
Менеджер
KSadyova@shokan.edu.kz
Шаймерденова Әлия Мерекеқызы
Менеджер
ashajmerdenova@shokan.edu.kz
Қанжығалина Арайлым Балтабекқызы
Менеджер
mooc.ku.shokan@gmail.com
Бермағанбетова Ляззат Амангелдіқызы
Менеджер
L_Bermaganbetova_ER232D@shokan.edu.kz