Халықаралық ынтымақтастық бөлімі Ualikhanov University ажырамас бөлігі болып табылады.
Басты мақсат – білім беру және ғылыми кеңістікте халықаралық байланыстар мен іскерлік әріптестікті орнату. Негізгі міндеттер – студенттердің академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету, шетелдік білім алушылардың үлесін арттыру, алдыңғы қатарлы шетелдік университеттермен бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу жобаларын дамыту, қос диплом беретін бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ университетті халықаралық рейтингтерде ілгерілету.
Халықаралық ынтымақтастық бөлімі шарттарға қол қоюға бастамашы болады, әлемнің түкпір-түкпірінен профессорларды дәрістер өткізуге шақырады және шетелдік қонақтарды жылы қарсы алады.
Байланыс
Көкшетау қ., Абай көшесі, 76 (Бас корпус), 7-қабат, 702-кабинет.
Тел.: 8 (7162) 72-11-22
E-mail: global@shokan.edu.kz