КТТБ миссиясы:

Компьютерлік техниканы орнату, баптау және жөндеу, корпоративтік компьютерлік желіні құру және жұмыс жағдайында ұстау арқылы жоғары білікті мамандарды даярлауға жәрдемдесу. Оқу процесіне заманауи ақпараттық технологияларды қарқынды енгізу.


Бөлім мақсаты:


университеттің материалдық-техникалық базасын арттыру, білім беру қызметінде ақпараттық технологияларды пайдалану үшін білім беру мекемесін компьютерлік техникамен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жарақтандыру.


Міндеттер:

  • университеттің технологиялық және коммуникациялық ортасын енгізу, сүйемелдеу және дамыту
  • жергілікті-есептеуіш желілерді дамыту
  • баспа қызметін техникалық қолдау
  • университеттің барлық корпустарын бір желіге біріктіру.


Компьютерлік технологиялар және телекоммуникация бөлімі қызметінің негізгі бағыттары:

  • Оқу процесіне заманауи ақпараттық технологияларды қарқынды енгізу;
  • Материалдық-техникалық базаның Ш. Уәлиханов атындағы КУ мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі;
  • Компьютерлік және офистік техниканы, әртүрлі аудио және бейне жабдықтарды, оқытудың техникалық құралдарын (компьютерлер, принтерлер, сканерлер, проекторлар, теледидарлар, магнитофондар және т. б.) жөндеу, баптау және қызмет көрсету;
  • Жергілікті желіні монтаждау, орнату және баптау, Интернетке қосылу, университеттің web-сайты мен электрондық поштасына, кітапхана бағдарламаларына техникалық қолдау көрсету;
  • Жоғарыда аталған жабдықтарды пайдаланумен байланысты мәселелер бойынша университет қызметкерлеріне техникалық кеңес беру;
  • Университеттің материалдық-техникалық базасын арттыру мақсатында жаңа жабдықтарды сатып алу және қолда бар жабдықтарды жаңарту бойынша тендерлерге өтінімдерді дайындауға қатысу;

Мекен-жайы: Абай көшесі, 76, каб. № 118

Тел.: 8 (7162) 25 41 81