ЗАҢ БӨЛІМІ
ЗАҢ БӨЛІМІНІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
- Бөлім қызметінің негізгі мақсаты - университет қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, университеттің, қызметкерлер мен білім алушылардың сот және мемлекеттік органдарда мүдделерін қорғау, ҚР қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау.
- Заң бөлімі қызметінің негізгі міндеттері:
- Университет қызметінің бағыттарын ақпараттық-құқықтық қамтамасыз ету және сүйемелдеу;
- Университеттің құқықтық мүдделері мен құқықтарын қорғау;
- құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлеу;
- түрлі сатыдағы соттарда және басқа да мемлекеттік органдарда университет мүддесін білдіру;
- құқықтық қорытындылар дайындау және Университет қызметімен байланысты құқықтық мәселелер бойынша қызметкерлерге және білім алушыларға кеңес беру;
- кіріс және шығыс құжаттардың құқықтық сараптамасы;
- ішкі нормативтік актілер мен шарттарды әзірлеу және талдау.