25.02.2021ж. 585761-EPP-1-2017-1-FI-EPPKA2-CBHE-JP "Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындарында (Eduenvi) қалдықтарды тұрақты басқарудағы құзыреттілікті арттыру" халықаралық жобасы шеңберінде вебинар өткізілді.

Вебинар жұмысына

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы, ЭГТРМ КЭРК Ақмола облысы бойынша экология департаментінің өкілдері, "Эко-Көкше" экологиялық орталығы қоғамдық бірлестігінің өкілдері, "Khazakhstan Innovations" қоғамдық қорының өкілдері, Ақмола облысының экоамбассадорлары; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, М. Әуезов атындағы ОҚУ, Ш. Уәлиханов атындағы КУ-нің оқытушылары, студенттері мен магистранттары қатысты. Барлығы 135 адам.

Вебинар барысында сөз сөйледі:

Хамитова Аина Султансеитовна - х.ғ.к., проф., жаратылыстану факультетінің деканы;

Какабаев Ануарбек Аязбаевич - б.ғ.к., "География, экология және туризм" кафедрасының қауымдастырылған профессоры. Баяндаманың тақырыбы: "Қалдықтарды басқару - UnWaste" магистрлік бағдарламасын әзірлеу және енгізу негізінде серіктес елдерде айналмалы экономиканы (айналмалы экономика) дамыту";

Хамитов Нурбек Максутович - ЭГТРМ КЭРК Ақмола облысы бойынша экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімі басшысының м.а. Баяндаманың тақырыбы: "Стихиялық полигондардың санын азайту шаралары";

Абишева Мариям Сериковна – Көкшетау қаласы мәслихатының депутаты, «Khazakhstan Innovations» ҚҚ жетекшісі;

Камалов Тимур Рамазанович - Эко-жобалар үйірмесінің басшысы.Баяндаманың тақырыбы: "For ECO" жобасы ҚТҚ кәдеге жарату мәселесін шешу ретінде";

Айшуқ Еділ Жұмабекұлы – Ақмола облысынан МЭГПР Эко елшісі. Баяндаманың тақырыбы: "Ақмола облысының қалдықтарды жинаумен және өңдеумен айналысатын кәсіпорындары";

Курманбаева Айгуль Сапарбековна - б.ғ.к., «География, экология және туризм» кафедрасының доценті, баяндаманың тақырыбы: "Erasmus+"Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындарында мамандар даярлау кезінде қалдықтарды тұрақты басқару саласындағы құзыреттілікті арттыру – EduEnvi" жобасының нәтижелері.

Спикерлерге сұрақтар мен тілектер айтылды. Вебинар соңында қатысушылардан кері байланыс алу үшін сауалнама парақтары дайындалды. Сауалнама нәтижесінде вебинар тақырыбы бойынша қазіргі көзқарастар анықталды және өткізілген іс-шараның сапасына бағалау жүргізілді.

Талқылау нәтижелері бойынша шешім қабылданды: