Қалдықтарды тұрақты басқару бойынша испан технологиясының тәжірибесі
Вальядолид Университеті – Испаниядағы ең беделді және танымал университеттердің бірі. Университет XIII ғасырда құрылған және Испаниядағы ең көне университеттердің бірі болып табылады, оның құрамында 4 жоғары мектеп және 8 факультет бар.
Мектептер:
- информатика мектебі,
- жоғары инженерлік телекоммуникация мектебі,
- жоғары инженерлік-индустриалды мектеп
- және жоғары сәулет мектебі.
Факультеттер:
- Ғылым факультеті,
- экономика және коммерция факультеті,
- сауда факультеті,
- құқық факультеті,
- білім және әлеуметтік жұмыс факультеті,
- медицина-биология факультеті,
- медицина факультеті,
- философия және гуманитарлық ғылымдар факультеті.
Валладолид университетінде студенттер 100 мамандық бойынша оқиды. 22000 студент білім алып, 2500 оқытушы жұмыс істейді. Ш. Уәлиханов атындағы КМУ Вальядолид университетімен 585761-EPP-1-2017-1-FI-EPPKA2-CBHE-JP "Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындарында қалдықтарды тұрақты басқарудағы құзыреттілікті арттыру (EduEnvi)" жобасы аясында қызмет істейді. EduEnvi жобасын іске асыру жоспарына сәйкес кезекті кездесу Вальядолид университетінің базасында өтті. Біздің университеттің EduEnvi жобасының командасы Финляндия, Дания, Испания, Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасынан келген жоғары оқу орындарының оқытушы-әріптестерімен және ұйымдардың қызметкерлерімен бірге семинар - тренингке белсенді қатысты.