2025 жылдың 20–23 мамыр аралығында Генуя университетінде ESGCA жобасының үшінші, әрі соңғы тренингі өтті. Бұл Орталық Азия жоғары оқу орындарының оқытушылары мен басқарушыларының біліктілігін арттыруға және халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған қорытынды оқыту сессиясы болды.

Ресми бөлім Генуя университетінің бірінші проректоры, профессор Николетта Дакреманың жәнеШ. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Марат Сырлыбаев ашылу сөзінен басталды.

Тренинг бағдарламасы өңір университеттерінің өзекті қажеттіліктерін ескере отырып құрылған және жаңа оқу курстарын әзірлеуге, мамандарды қайта даярлауға, сондай-ақ ESG қағидаттарын экология, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару білім беру тәжірибесіне енгізуді мақсат еткен.

Сондай-ақ бағдарлама аясында бұрын әскери база болған, бүгінде Халықаралық Тұрақты Кампустар Желісіне (ISCN) кіретін экологиялық тұрақты университеттік орталық — Савона кампусына сапар ұйымдастырылды.

ESGCA жобасының қорытынды тренингі өңір жоғары оқу орындарының институционалдық әлеуетін нығайтудағы маңызды кезең болды. Ол қатысушыларға ESG тәсілін білім беру ісіне енгізуге қажетті практикалық құралдар беріп, жобаның келесі кезеңі — Желілік өзара іс-қимыл туралы келісім жасасуға негіз болды.