2025 жылдың 6–12 қазаны аралығында Бұхара мемлекеттік университетінде (Өзбекстан)...
2025 жылдың 6–12 қазаны аралығында Бұхара мемлекеттік университетінде (Өзбекстан) «Bridging Environmental Concerns, Societal Needs, and Good Governance in Central Asian Education and Employment Sectors» атты халықаралық семинар өтуде.
ESGCA жобасының бағдарламасы Орталық Азиядағы экологиялық білім беруді жаңғырту мен дамытуға бағытталған. Бұл семинардың ерекше құндылығы — әртүрлі елдердің сарапшыларының тұрақты дамуындағы ESG рөлi, корпоративтік есеп берудегі әлеуметтік аспектілер және су ресурстарын басқару туралы пікірлерін тыңдау мүмкіндігі.
Семинардың негізгі спикерлері:
1. Рената Паола ДАМЕРИ (Генуя университеті, UniGe) — интернационалдандыру жөніндегі проректор.
Баяндаманың тақырыбы: ESG Social Issues, Social Reporting in Corporate Reports, How Social Issues Contribute to Sustainable Development
(ESG әлеуметтік мәселелері, корпоративтік есеп берудегі әлеуметтік есептілік, әлеуметтік факторлардың тұрақты дамуға қосқан үлесі)
2. Проф. Стефан СТАНКО (Братиславадағы Словакия техникалық университеті, STUBA) — информатика, спорт, білім беру және студенттермен жұмыс жөніндегі вице-ректор.
3. Проф. Ивона СКУЛТЕТЬЕВА (STUBA, санитарлық және экологиялық инженерия кафедрасы).
Баяндаманың тақырыбы: ESG: Social Aspects and Impact on Sustainable Development in Water Management.
(ESG: әлеуметтік аспектілер және су ресурстарын басқарудағы тұрақты дамуға әсері).