Тренингтің келесі күндері қатысушылар тұрақты дамудың өзекті мәселелерін, атап айтқанда, суды тиімді пайдалану мен ESG қағидаларын енгізу жайлы пікір алмасты
Тренингтің келесі күндері қатысушылар тұрақты дамудың өзекті мәселелерін, атап айтқанда, суды тиімді пайдалану мен ESG қағидаларын енгізу жайлы пікір алмасты.
Румыниядағы Лучиан Блага атындағы университеттің профессоры Ралука-Елена Мурешан өз баяндамасында су ресурстарын сақтау мен тиімді пайдалану стратегияларын іске асыруда мемлекеттік органдар, бизнес және азаматтық қоғам өкілдері сияқты барлық мүдделі тараптардың қатысуының маңыздылығын атап өтті.
Словакияның Братислава қаласындағы Техникалық университетінің профессоры Даша Приедгорска ESG қағидаттарын білім беру бағдарламаларына енгізудің маңыздылығына тоқталды. Ол бұл үрдісті қоршаған ортадағы жаһандық сын-қатерлер мен жедел өзгерістерге жауап беру тетігі ретінде қарастырды.
Ernst & Young Slovakia (Братислава қ.) компаниясының қызметкері Петер Раковский ESG-факторлардың бизнес болашағына әсері жөніндегі өз көзқарасын ұсынды.
Тренингтің соңғы күнінде жоба қатысушылары Азаматтық құрылыс факультеті ұйымдастырған Career Day шарасына қатысты. Іс-шараға жергілікті өнеркәсіп, өндіріс, құрылыс және өзге де компаниялардың өкілдері қатысты. Университет пен бизнес арасындағы ынтымақтастықтың болашағы, ықтимал әріптестік форматтары, бірлескен зерттеулер мен студенттерге арналған кәсіби тағылымдамалар мәселелері талқыланды.
Одан кейін Генуя университетінің (Италия) профессоры Стефано Альберти су ластауыштары мен суды тазарту әдістері туралы әңгімеледі. Ал сол университеттің постдокторанты Илария Риццарди қазіргі заманғы су тазарту технологиялары, оның ішінде мембраналық үдерістер мен аэрация туралы зерттеу нәтижелерімен бөлісті.
Тренингке қатысушылар ESG қағидаттарын университеттердің білім беру бағдарламаларына енгізу мәселелерін белсенді түрде талқылады.