4–5 маусым күндері Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде профессор-оқытушылар құрамы үшін келесі тақырыптарда оқыту семинарлары өтті:

💻 цифрлық трансформация 🌍 интернационалдандыру 📊 академиялық рейтингтер

Семинарлар аясында Erasmus+ бағдарламасы шеңберіндегі халықаралық LESLIE жобасы таныстырылды. Қатысушыларға жобаның мақсаты мен міндеттері, негізгі бағыттары және күтілетін нәтижелері туралы ақпарат берілді. Алдағы іс-шаралар жоспары талқыланып, соның ішінде 18 маусымда өтетін жобаның екінші воркшопы туралы айтылды. Бұл шараға қызығушылық жоғары болды. Қатысушыларға барлық қажетті ақпарат, соның ішінде тіркеу сілтемесі ұсынылды.

Семинарларға университеттің түрлі институттарынан өкілдер қатысты:

— Бизнес және құқық жоғары мектебі

— Медицина жоғары мектебі

— Педагогикалық институт

— Аграрлық-техникалық институт

📈 Қатысушылар жоғары қызығушылық пен белсенділік танытты. Бұл талқыланған тақырыптардың өзектілігін және LESLIE жобасының университет дамуы үшін маңызды екенін көрсетті.