2025 жылғы 14 мамырда Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Агротехникалық институтында...
2025 жылғы 14 мамырда Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Агротехникалық институтында ERASMUS+ /KA2/ Жоғары білім берудің әлеуетін арттыру жобаларының нәтижелерін тарату мақсатында жұмыс тобының мүшелері Құрманбаева А.С. және Баязитова З.Е. «ЭкоДиалог» жобасы аясында өткен ФОКУС ТОБЫ барысында «Қалдықтарды басқару және климаттың өзгеруі саласындағы саясатты әзірлеу мен іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен азаматтық қоғам арасындағы cұхбатқа тарту» тақырыбында презентациялар жасады.
Жұмыс тобының мүшелері Құрманбаева А.С. және Баязитова З.Е. қатысушыларды ERASMUS+ /KA2/ CBHE 101129169 «Айналмалы экономика және тұрақты даму саласында инновациялық оқу бағдарламалары мен модульдерін әзірлеу/ CirculEC» жобасының нәтижелерімен, сондай-ақ ERASMUS+ /KA2/ CBHE 101177914 «Орталық Азияның білім беру және жұмыспен қамту секторларындағы экологиялық мәселелер, әлеуметтік қажеттіліктер және тиімді басқару арасындағы байланысты нығайту/ ESGCA» жобасы бойынша ақпаратпен таныстырды.
Кездесу барысында «Қоршаған орта мәселелері және қалдықтарды басқару мен климаттың өзгеру салдарын азайтудағы жергілікті үздік тәжірибелер» тақырыбында пікірталастар өткізілді. Іс-шараға ТДМ орталығы мен «Ангел» ҚБ өкілдері қатысты.