2025 жылы 16 мамырда Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Агротехникалық институты базасында...
2025 жылы 16 мамырда Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Агротехникалық институты базасында “Айналмалы экономика және тұрақты даму саласында инновациялық оқу бағдарламалары мен модульдерін әзірлеу” CirculEC жобасының нәтижелерін тарату мақсатында ақпараттық күн өтті. Іс-шара аясында Курманбаева А.С. баяндама жасады. Шараға экологиялық және әлеуметтік үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, университет оқытушылары мен табиғатты қорғау мекемелерінің қызметкерлері қатысты.
Өз баяндамасында Курманбаева А.С. жобаның мақсаттары мен басым бағыттарын айқындап, оның маңыздылығы мен күтілетін нәтижелерін атап өтті. Жобаны жүзеге асырудың негізгі кезеңдері мен білім беру процесіне тұрақты даму қағидаттарын енгізуге бағытталған іс-шаралар жеке қарастырылды.
Қатысушылар ұсынылған материалдарға ерекше қызығушылық танытып, белсенді түрде сұрақтар қойды, оларға Курманбаева А.С. жан-жақты және толық жауап берді.