Неапольдегі Федерико II университетіндегі (Неаполь, Италия) Орталық Азия жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған айналмалы экономика саласындағы әлеуетті дамыту бойынша оқыту тренингі
2025 жылы 11-14 наурыз аралығында Неапольдегі Федерико II университетінде (Università degli Studi di Napoli Federico II) (UNINA) Орталық Азия (Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстан) жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған айналмалы экономика саласындағы әлеуетті дамыту бойынша оқыту тренингі өтуде.
Оқу Erasmus+ KA2 CBHE 101129169 жобасы аясында "Айналмалы экономика және тұрақты даму саласындағы инновациялық оқу бағдарламалары мен модульдерін әзірлеу (CirculEC)" жобасы аясында ұйымдастырылған. Тренинг аралас форматта жүргізілуде. Әрбір серіктес университеттен 2 оқытушы офлайн форматта, ал жұмыс топтарының қалған мүшелері онлайн форматта қатысып келеді.
Қатысушыларға сәлемдесу сөзімен Неапольдегі Федерико II университетінің жетекші өкілдері жүгінді:
- Профессор Франческо Пироцци, азаматтық, құрылыс және экологиялық инженерия кафедрасының меңгерушісі;
- Профессор Давиде Марокко, ректордың Азия және Шығыспен халықаралық байланыстар жөніндегі өкілі;
- Профессор Эмилио Билотта, азаматтық, құрылыс және экологиялық инженерия кафедрасы.
Тренингтің мазмұны айналмалы экономика бағытындағы жаңа үрдістер мен тақырыптарды, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және құрылымдауды, оқу материалдарын дайындауды, сондай-ақ білім мен бизнес құрылымдары арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру нысандарын қамтиды.