26 желтоқсанда «Экологиялық кәсіпкерлік үшін білім беруді трансформациялау: аймақтық тұрақтылық стратегиялары» атты онлайн воркшоп өтті.

Іс-шараның бағыты: Тәжірибе алмасу және айналмалы экономика саласындағы озық білім беру курстарымен танысу. Тұрақты даму үшін экологиялық кәсіпкерлік дағдыларын дамыту.

Воркшоп ERASMUS+ CBHE CirculEC жобасы аясында ұйымдастырылды:

Жоба Орталық Азия жоғары оқу орындарында инновациялық оқу бағдарламаларын құруға және адами капиталды дамытуға бағытталған, студенттер мен оқытушыларға еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды ұсынады.

5 Environmental Entrepreneurship жұмыс пакеті көшбасшылары: Santiago de Compostela университеті (Испания); Alikhan Bokeikhan University (Қазақстан).

Қатысушылар: Орталық Азия елдерінен 60-тан астам өкіл, соның ішінде оқытушылар, кәсіпкерлер және түрлі сала мамандары еуропалық тәжірибелер мен экологиялық ауысу мүмкіндіктері туралы білді.

Қатысушылар диалог алаңының бірегейлігін, құзыреттерді арттыру және өңірлік тұрақтылықты нығайтуды атап өтті.

#CirculEC #Тұрақтылық #ЭкоКәсіпкерлік #Білім #ERASMUSplus #АйналмалыЭкономика #ОрталықАзия