1. Жалпы ережелер

1.1. Байқауды тау-кен ісі, құрылыс және экология кафедрасы «Taza Kazakhstan» халыққа экологиялық білім беру іс-шаралары және EU ERASMUS+ /KA2/ CBHE 101129169 Айналмалы экономика және тұрақты даму саласында инновациялық оқу бағдарламалары мен модульдерін әзірлеу / CirculEC аясында өткізеді.

  1. Байқауға қатысу тегін және ерікті.

Конкурстың мақсаттары мен міндеттеріКонкурста жоо студенттері қайта өңдейтін материалдардан арт-объектілер жасайды. Қатысушылар қалдықтарды қайта өңдеудің және ресурстарға ұқыпты қараудың маңыздылығын көрсететін ерекше әрі экологиялық маңызды жұмыстарды жасау арқылы шығармашылықпен айналысады. Үздік жобалар көрмелерде немесе қоғамдық кеңістіктерде ұсынылады.

Мақсаты: жастардың назарын қалдықтарды қайта өңдеу мәселесіне аудару. Экологиялық ойлауды және экологиялық мәселелерді шешуге креативті көзқарасты қалыптастыру. Өнер арқылы тұрақты даму идеяларын қолдау және насихаттау.

  1. Конкурсқа қатысушылар

3.1. Байқаудың қатысушылары:

  • Студенттер.
  1. Өткізу шарттары

4.1. Қатысушыларға пайдаланылған, қажетсіз немесе ескі материалдардан бұйым/объект/өнер объектісін жасау арқылы оларға «екінші өмір» беру ұсынылады.
4.2. Кез келген қауіпсіз материалдарды (пластик, мата, қағаз, металл, ағаш және т.б.) пайдалануға рұқсат етіледі.
4.3. Жұмыстардың қысқаша сипаттамасы болуы шарт:

  • жұмыс атауы;
  • неден жасалған;
  • өнімнің идеясы мен мақсаты.
  1. Бағалау критерийлері
  • Идеяның өзіндік ерекшелігі;
  • Орындау сапасы;
  • Эстетика және шығармашылық;
  • Байқау тақырыбына сәйкестігі;
  • Практикалық маңыздылығы немесе көркемдік құндылығы.
  1. Өткізу мерзімі
  • Өтінімдер мен жұмыстарды қабылдау: 21.04.2025 -2.05.2025 ж.
  • Қорытындылау: 5.05.2025 ж.;
  1. Қорытындылау және марапаттау

7.1. Жұмысты Конкурстық комиссия бағалайды.
7.2. Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.

  1. Байланыс ақпараты

Исакова С.А.,

Грабовская Н.И.,

Жұмыстарды қабылдау мекенжайы: Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті,

О.Қуанышев көшесі 170а, 312 каб