2025 жылғы 24-27 наурыз аралығында Сантьяго-де-Компостела университетінде CirculEC жобасы аясында Орталық Азия жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған оқыту тренингтері жалғасуда

Сантьяго-де-Компостела университетінің әріптестері тренингке қатысушылармен Еуропа мен Испаниядағы циклдік және тұрақты кәсіпкерлікті дамыту тәжірибесімен бөлісуде.

Жергілікті TEIMAS және ARROUPA компанияларының өкілдері өз кәсіпорындарының мысалында нақты кейстерді ұсына отырып, айналмалы экономиканы дамыту тәжірибесімен бөлісті:

- Айналмалы компанияның таныстырылымы: қалдықтарды басқаруға арналған инновациялық және тиімді технологиялық шешімдерді жасау – TEIMAS (Estrella Moreira, TEIMAS компаниясының өнім менеджері; Daniel Cid, TEIMAS компаниясының операциялық менеджері);

- Айналмалы компанияның таныстырылымы: тоқыма бұйымдарын қайта пайдалану саласындағы жұмыспен қамтуға ықпал ететін компания – ARROUPA (Isabel Fraga, ARROUPA компаниясының бас менеджері).

Осылайша, тренингке қатысушылар айналмалы экономика және тұрақты даму саласындағы білімдерін тереңдетуге, сондай-ақ еуропалық компанияларда айналмалы және тұрақты бизнес-модельдерді құру мен олардың жұмыс істеу ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік алды.